ӘОЖ 304.2
Бұқаралық сана – заманауи қоғамның негізгі көрінісі
Ә.Ө. Өмірбекова
1
, Ж.У. Қаңтарбаева
2
1
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің доценті, филос.ғ.к.
E-mail:
aliaomirbek@mail.ru
2
Әл-Фараби ат.
ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, филос.ғ.к.
E-mail:
kantarbaevaz@mail.ru
A.O. Omirbekova
1
, Zh.U. Kantarbaeva
2
1
Associate Professor of KazNU. al-Farabi, candidate of philosophy.S.
E-mail:
aliaomirbek@mail.ru
2
Associate Professor of KazNU.al-Farabi, candidate of philosophy.S.
E-mail:
kantarbaevaz@mail.ru
А.О. Омирбекова
1
, Ж.У. Кантарбаева
2
1
Доцент КазНУ им.
аль-Фараби, к.филос.н.
E-mail:
aliaomirbek@mail.ru
2
Доцент КазНУ им. аль-Фараби, к.филос.н.
E-mail:
kantarbaevaz@mail.ru
Бұқаралық мәдениеттің кеңінен таралуы аса өзекті
әрі алаңдаушылық тудыратын
мәселе, ол өз кезегінде бұқаралық сананың салдары болып табылады. Бұқара санасына
бұқаралық қоғамның стандарттары мен нормаларын абайсызда, кей кезде мақсатты түрде
енгізу әлеуметтік ағзаны жойып жіберуі мүмкін. Пайда болған сәтінен бастап бұқаралық
сана
әлеуметтік-саяст қатынастарға, психиканың қатпарларына терең бойлап,
өнер мен
мәдениетте өзінің көрінісін табады. Бүгінгі таңда гуманитарлық құндылықтарды сақтау
үшін бұқараның иррационалды күшін пайдаланатын іс-шаралар
кешенін жасап шығу
қажет.
Бұқара әлеуметтік феномен ретінде көптеген тұлғасыздандырылған адамдар
жиынтығын құрайды. ХІХ ғасырдан бастап тарих сахнасына
шыққан бұқара көпшілікті
құрайтын индивидтер санасының теңделуін және сандық сапалық қатынастағы
айқынсыздығын сипаттайды.