танымдық (базалық білім) – теориялық, қолданбалы, аралас – (ұғымдық категориялар, тео-
рия, ереже, парадигмалық қатарлар, әдістер, кезеңдер, жүйелер т. б.); функционалды (әдіс-
темелік, технологиялық білімдер) – әдіс-тәсілдер, технологиялар; жүйелі (өнімді) – оқу өнімі.
Оқыту нәтижелері Блум таксономиясы бойынша (танымдық, функционалды, жүйелі)
пәнді оқу барысында студенттер меңгеруге тиіс біліктілік деңгейіне негізделуі тиіс.
Оқыту нәтижелері айқын, өлшенуге және бағалануға икемді болуы керек. 1. Субъект 2.
Кәсіби немесе әлеуметтік ортада 3. Не істей алады деген үш элементке негізделеді [1].
«5В020500 – Филология: қазақ филологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасы
бойынша оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер синтаксисі» пәні профессор
Р. С. Әмірдің 2014 жылы министрліктің грифімен шыққан «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас
сөйлемдер жүйесі» атты оқулығымен жүргізіледі. Ілгеріде аталған бүгінгі күні талап етіліп
отырған пән құзыреттіліктері мен оқыту нәтижелеріне аталған оқулық мазмұны толық сәйкес
келеді.
Бакалавр оқыту деңгейінде танымдық құзіреттілік бойынша қойылатын талап: оқу саласы
бойынша алдыңғы қатарлы іргелі оқулықтар негізінде білу және түсіну дағдыларына ие болуы.
Білу дағдысының модельдері: негіздеу, саралау, ұйымдастыру, анықтау, қайталау, есте сақтау,
атау, жүйелеу, интерпретациялау, пайымдау т. б. Түсіну дағдысының модельдері: түсіндіру,
топтастыру, табу, хабарлау, таңдау, аудару т. б. Қорыта айтқанда, білім алушы пәнді оқу
барысында нені біледі, нені түсінеді деген мәнге саяды. Біріншіден, осы білу жіне түсіну
дескрипторлары бойынша аталған оқулық негізінде білім алушы қандай оқу нәтижелеріне
жете алады деген мәселені қарастырамыз.
Білім алушылар білу және түсіну дағдылары барысында келесі білімдерді меңгереді:
63
– көп предикативті конструкция деп танылған құрмалас сөйлем компоненттері
пропопозициялық мағынаға ие және бұл жалпы сөйлем семантикасы;
– құрамына сай: 2 және көп компонентті;
– грамматикалық форма алуына, ұйымдасу ерекшелігіне сай салалас, сабақтас құрмаластар.
Сабақтас, салаластар, олардың грамматика-семантикалық түрлері тек грамматикалық
ұстаныммен емес, олардың басты ерекшелігі – коммуникативтік қызмет жағынан даралануы.
Осыдан барып, құрмалас сөйлемдердің практикалық мәні ашылған;
– коммуникативтік талғамға сай күрделі пікірді хабарлайтын синтаксистік тұлға сегменттік,
тізбектілік типті құрылысқа жүгінеді. Сабақтастар тізбектілік, салаластар сегменттік талапты
өтейді;
– баяндауыштары финиттік тұлғадағы салаластарды байланысу амалына қарай топтас-
тырғанда жалғаулықсыз, ал ерекше интонациялық қалып арқылы ұйымдасқандарды іргелес
салалас құрмалас сөйлем деп атаған.
– грамматика-семантикалық тұрғыдан даралағанда, іргелестер іштей: мезгілдік, қарсылық-
тық, себептік, шарттық, айқындауыштық, объектілік, теңдік, телінбе атты семантикалық
топтарға бөлінген;
– сабақтас құрмаластардың тұлғадан мағынаға қарай бағытында топтастырылған.
Танымдық аспектіде осы білімдерді меңгере отырып, қолдану мен талдауға негізделген
функционалдық құзіреттілік дағдыларын – қолдану мен талдауды игереді. Қолдану
дағдысының модельдері: қолдану, таңдау, демонстрация жасау, интерпретациялау, шешімге
келу, тәжірибе жасау т. б. Талдау дағдысының дескрипторлары: талдау, бағалау, топтастыру,
салыстыру, салғастыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралай білу, сыни пікір айту,
бөлшектеу, түсіндіру, себептерін айқындау, тәжірибе жасау, нәтижелерді синтездеу т. б.
Жоғарыда аталған білім негізінде функционалды құзіреттілік бойынша білім алушы:
– пікірдің жай немесе күрделі екендігін талдай отырып, оның қызметін тану керек;
– предикативтік қатынастардың санын анықтау арқылы компоненттердің санын тану керек;
– баяндауыштардың грамматикалық форма алуына сай салалас немесе сабақтас екендігін
ажырату керек;
– компоненттердің грамматикалық қатынасынан туындайтын семантиканы айқындау
керек.
Бұл оқулықтан коммуникативтік бағытта келесі білімдерді меңгереміз. Лебіз білдіру
әрқашан коммуникативтік талаптар арқылы орындалады. Р. Әмір өз еңбегінде коммуника-
тивтік талаптарды бірінші және екінші дәрежелі деп бөледі. «Коммуникативтік талаптың ең
қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:
а) ақпаратты жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады» [2, 93].
Жай сөйлемдердің тема мен ремаға жіктелісіне І немесе ІІ дәрежелі коммуникативтік
талап негіз болады. І дәрежелі коммуникативтік талапқа ең алдымен оның хабарлы, сұраулы,
бұйрықты етіп берілуі жатса, екіншіден, оның қарапайым логикаға құрылуы шарт. Себебі пікір
уақыт пен кеңістіктегі іс-әрекет, іс-әрекеттің субъектісі, субъектінің атрибуты, іс-әрекеттің
нысаны және пысықтауыштық өрістерді қамтиды. Бірақ адам әрдайым осындай ретпен сөйлей
бермейді. Тілдесімнің мақсаты мен мазмұнының күрделенуіне қарай коммуникативтік
талаптар да күрделенеді. Оларды Р. Әмір былай береді: «Құрмалас сөйлем құрамына
мынандай екінші дәрежелі коммуникативтік талаптардың әсері байқалады.
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.
Адресатпен үндесіп отыру.
Лебізді экспрессивті етіп айту.
Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т. т.» [2, 94].
Осы коммуникативті талаптарға байланысты сөйлемнің тема-ремасы өзгереді.
64
Құрмалас сөйлемдер жүйесінде тілдесімнің коммуникативтік мақсатқа сәйкес құрылуында
қалыптасқан орын тәртібі де қызмет атқарады. Р. Әмір оны үшке бөліп көрсетеді:
1. Базистік (түпкі) орын тәртібі.
2. Кірігу орын тәртібі.
3. Инверсиялық орын тәртібі [2, 97].
Базистік, яғни түпкі орын тәртібіне бірінші дәрежелі коммуникативтік талапқа қызмет
ететін құмалас сөйлемдер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |