65
құрылысын жіктеп көрсетуге негіз болатын деректер ғана. Коммуникацияда экспрессивтік
сипаттағы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары, олардың берілу сипаты өте ауқымды.
Құрмалас сөйлемдер лебізді түрлендіруге, ажарландыруға да қызмет етеді. Әрбір сөйлеуші
басқадан өзгеше қылып, түрлендіріп сөйлеуге ұмтылатыны анық. Бұл жөнінде Р. Әмір
еңбегінде
«Осылай сөйлеу – қазақтың абыройы, мәртебесі» деп бағалайды.
Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл
дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен
ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Бұл үзіндіден автордың
қисынды сөйлеу шеберлігін анық байқаймыз. Оның сөйлемдерді құру барысында сөздерді
мақсатты түрде байланыстырып, орындарын белгілеуі де коммуникативтік талапқа сай
жасалған.
Әйда! Көшенің қақ ортасында иттер тойы қызсын да кетсін. Алдыда – Динго, сонан соң
Таймас, желаяқ, қалғандары соңында. Бәрі үміткер Ертеңіне есіліп ақ тау, жосылып жота
жол берді, жол үзігі жалғанып қалды екі шек қосылып. Поезд да өтті ен далада еркін салып
айғайын, будақтатып көсіріп. Есрафил да бұл алыстан түнілді, жас алыптан – жаңа
адамнан үміт кесіп, тосылып. Бар ашуы алқымына тығылып, қалжыраған, бір тұрып, бір
жығылып, кетті қайтып мұз жеріне, түбегіне, қанды іздері қалды жарда жосылып.
Осындай көркем әдебиетте кездесетін мысалдарға жеке ізденіс, жеке сөйлеу стилі,
ажарлылық, түрлілілік секілді көптеген сипаттар тән болып келеді.
Осы мазмұндағы білімдерді игеру барысында білім алушылар келесі талдау дағдыларын
игереді:
1. Компоненттердің тема-ремалық қатынасын анықтайды;
2. Құрмалас сөйлем сыңарларына тән орын тәртібін атап, себебін түсіндіреді;
3. Коммуникативтік талап дәрежесін талдап, оның себебін түсіндіреді.
4. Осы мақсатқа жегілген тілдік бірліктердің қызметін саралайды.
Ол сондай мөлдір: түбіне түскен түйме алақандағыдай көрінеді.
Талдау:
Құрылымдық:
1. Құрылысына қарай: құрмалас
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті
3. Грамматикалық тұлғалануына сай: салалас, іргелес
4. Семантикалық ұстаным бойынша: айқындауыштық (Р. Әмір бойынша)
5. Функционалдық ұстаным бойынша: айқындауыштық, атрибутивті қатынас (екінші
компонент бірінші компонентпен анықтауыштық қатынасқа негізделген)
Достарыңызбен бөлісу: