А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Қан тобы – жалғыз немесе тіркес қуалайтын антигендер.  Қан тобының генетикалық жүйесі –



Pdf көрінісі
бет150/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Қан тобы – жалғыз немесе тіркес қуалайтын антигендер. 
Қан тобының генетикалық жүйесі – бір локус бақылайтын қан тобы 
жиынтығы. 
Кариотип - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне тән болып 
есептелетін, олардың сомалық (дене) жасушасындағы хромосомалардың 
жиынтығы. 
Кариограмма – кариотип құрамындағы барлық хромосомаларды сызып 
бейнелеу. 
Камплементтену – бір геннің немесе әр түрлі гендер аллельдерінің бір-
біріне қосымша әрекеті. 
Кодоминанттылық – гетерозиготалы организмде екі аллельді геннің 
айқын фенотиптегі көрінісі.


223 
Кодон - белгілі амин қышқылына немесе терминациялық сигналға сәйкес 
келетін нуклеотидтер триплеті. 
Коньюгация – бактериялардағы ДНК алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНК 
беретін жасуша (донор), ДНК-ны қабылдайтын (акцептор) қосылады. 
Көптік аллелизм – бір локустағы геннің бірнеше аллельдері болуы. Нақты 
дарада олардың біреуі (гомозиготаларда) немесе екеуі (гетерозиготаларда) ғана 
болады. 
Көбею шексіздігі – бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі 
қала алатын ұрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиет. 
Кері транскрипция – ревертазаның қатысуы кезінде мРНҚ матрицасында 
ДНҚ комплементар синтезі.
Кері транскриптаза немесе Ревертазаpol генімен кодталған Payca 
саркома вирусының энзимі толық зерттелген. Генетикалық инженерияда 
Ревертаза интрондарсыз мРНҚ қолданумен ДНҚ комплементар молекуласының 
синтезі үшін кең қолданылады. 
Каспид – вирусты бөліктің ақуызды қабықшасы (вирион). Капсидтің 
морфологиялық суббірлігі - капсомерлер – ретті спиральдар мен көпқырлы 
құрылымды 
(икосаэдлы) 
түзіп 
ақуыздың 
құрылымының 
бірнеше 
молекуласынан тұрады. Геномды тұрақтандырады және оны қолайсыз сыртқы 
әсерлерден қорғайды. Н.к. – ң екі түрін ажыратады: дезоксирибонуклеинді 
қышқылдар (РНҚ). ДНҚ көміртек компонент болып – D – 2 – дизоксирибоза, 
РНҚ – D – рибоза. Гетероциклдық негіздер ретінде: аденин (А) және гуанин(G) 
және екі пиримидин: Тимин (Т) және цитозин (С) . РНҚ – да Тимин орнына 
урацил (U) бар. ДНҚ тізбектері (полидезоксирибонуклеотидтер) және РНҚ 
(полирибонуклеотидтер) өріске немесе бағытқа өрістілігіне байланысты әрбір 
полинуклеотид тізбегі – ақырына ие және 3' – ақырына ие. Н.к – жоғары 
молекулалы қосылыстар, олардың ішінде белгілі макромолекулалардың ең 
белгілілері жолығады. Прокариот ДНҚ хромосомның молекулалық массасы 2 х 
10 9 Da асады, ал жеміс шіркейінде 9х1010 11,3 х 1010 Da.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет