А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


ГЕНЕТИКА ІЛІМІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ОНЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

ГЕНЕТИКА ІЛІМІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ОНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 
Генетика - ағзалардың тұқым қууы мен өзгергіштігі туралы ілім. Тұқым
қуу дегеніміз - тірі организмдердің табиғи қасиеттерін, белгілерін, өздеріне ғана 
тән биосинтезді және зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп қайталап отыруы. 
Өзгергіштік дегеніміз - ұрпақтардың ата тегінің айнымайтын көшірмесінің 
шықпауы, ол бір тұқымдас ұрпақтар арасындағы, ұрпақпен ата тегінің арасында 
тұқым қуу арқылы немесе қоршаған ортаның әсерімен пайда болатын өзгеріс 
белгілері. 
Генетика - бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті 
зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен 
өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамда дамыту үшін пайдаланудың 
жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, генетика 
биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. 
Генетиканы дамытқан ғалымдардың бағалы еңбектері көп-ақ. Олардың 
ішіндегі ең негізгілерін атайтын болсақ: 
1869 ж. - Ф.Мишер ДНҚ-ны қан лейкоциттерінен және лосось балығының 
ақ уылдырығынан тұңғыш рет бөліп алды.
1901 ж. - Г. Де Фриз мутациялық теорияны ұсынды. 
1903ж. - У.Саттон және Т.Бовери хромосомалық гипотезаны ұсынып, 
Мендель тәжірибелеріндегі тұқым қуу факторларын хромосомамен 
байланыстырды. 
1902-1907 ж. - У. Бэтсон гендердің өзара әрекеттесу жолдарын баяндай 
келе мынадай түсініктерді ендірді: «комплементарлық», «эпистаз», «толықсыз 
доминанттылық», «гомозигота» және «гетерозигота». 
1908 ж. - Г.Нильсон-Эле «полимерия» туралы түсініктеменің анықтамасын 
беріп, оны генетикаға енгізуді ұсынды. Ол полимерияны генетикалық 
көріністердегі сандық белгілерді түсіндіруге қажеттілігін көрсетті. 
1909 ж. - В.Иоганнсен генетика іліміндегі маңызды терминологияларға 
«ген», «генотип», «фенотип», «аллель» сияқтыларға анықтамаларды беріп, 
оларды кеңінен пайдалануды ұсынды. 
1909 ж. - В.Волтерек «реакциялық нормалар» терминін ендіріп, оны 
геннің спектрлік көріністік мүмкіншілігі деп түсіндірді. 
1910 ж. - Л.Плате гендердің екі немесе одан да көп белгілерге әсер етуін 
сипаттай келе, оны «плейотропия» деп атауды ұсынды. 
1912ж. - Т. Морган гендердің хромосомадағы орналасу теориясын ашты, 
кейінірек 1920-жылдардың ортасында Г.Меллер, А. Стертвант, К. Бриджес 
сияқты оқушыларымен бірлесе отырып ген ережесінің жобасын жасады. 



1920ж. - Н.И. Вавилов тұқымқуалаушылықтың гомологиялық қатардағы 
өзгергіштік заңын қалыптастырды. 
1921ж. - Л.Н.Делоне ағзалардағы хромосомалар жиынтығын белгілеу үшін 
«кариотип» терминін ұсынды. Оның алдындағы С.Г.Навашин ұсынған 
«идиограмма» термині бұдан кейін кариотиптерді стандарттауға пайдаланыла 
бастады. 
1926 - Н.В.Тимофеев-Ресовский «пенетранттылық» және «экспрессивтік» 
терминдерін генотиптің белгілерге әсерін анықтауға қажеттілігін көрсетті. 
1927 ж. - Г.Меллер мутациялық өзгергіштіктерді радиоактивтік сәуле 
әсерімен алуға болатындығын дәлелдеді. 
1929 ж. - А.С.Серебровский бірінші болып геннің күрделі құрылым 
екендігін дәлелдей отыра, оның мутация бірлігі еместігін көрсетті. Сонымен 
қатар ол «генефонд» деген түсінікті де генетикаға ендірді. 
1930-1931 жж. - Д.Д. Ромашов, Н.П. Дубинин, С. Райт, Р Фишер, Дж. 
Холдейн популяциялық генетиканың негізін қалай отыра, гендер дрейфі деген 
түсініктеменің негізін енгізді. 
1935ж. – А.Н.Белозерский ДНҚ молекуласын өсімдіктерден бөліп алуға 
қолын жеткізді. 
1939ж. - В.А.Энегельгард бұлшық еттердің миозиніндегі АТР-азалық 
белсенділікті ашты. 
1940 ж. - У.Эстбюри ДНҚ молекуласының тұңғыш рентгенограммасын алды. 
1941ж. - Дж.Бидл және Э.Тейтум «бір ген - бір фермент» атты 
фундаментальдық қағиданы ұсынды. 
1944ж. - О.Эвери, К. Мак-Леод, М. Мак-Карти микроорганизмдермен 
жүргізілген тәжірибелерінің нәтижелерінің арқасында ДНҚ-ның генетикалық 
маңыздылығын дәлелдеді. Бұл ашылған жаңалық генетиканың маңызды бөлігі
- молекулалық генетиканың өмірге келгендігі болып саналады. 
1946 ж. - Дж.Ледеберг, Э.Тейтум, М.Дельбрюк бактериялар мен 
вирустардағы генетикалық рекомбинациялық процестің жүруін ашты. Бұл 
табиғаттағы ген инженериясының көрінісі еді. 
1947ж. - Б.Мак-Клинток бірінші болып генетикалық элементтердің 
миграциясын баяндады.
1951 ж. - Э.Чаргофф ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасуын 
(А=Т), (Г=Ц) көрсетті, кейінірек ол «Чаргофф ережесі» деп аталып кетті. 
1951ж. - Дж.Ледеберг өзінің қызметкерлерімен бірігіп трансдукция 
құбылысын ашып, гендік инженерияның негізін қалады. 
1951ж. - Л.Полинг және Р.Кори полипептидтік тізбектердегі амин 
қышқылдарының жайғасып орналасуларының негізін қалады (α-өрімдер, β-
қабаттастықтар). 



1952 ж. - А.Херши және М.Чейз вирустар инфекциясындағы ДНҚ-ның 
шешуші рөлін анықтап, оның генетикалық маңыздылығына күмән келмейтін 
қосымша дәлелдемелерді келтірді. 
1953 ж. - Дж.Уотсон және Ф.Крик ДНҚ молекуласының моделін ұсынды. 
1953 ж. - Ф.Сангер бұқа инсулинінің бірінші құрылымдық құпиясын ашты. 
1956ж. - А.Корнберг ДНҚ-ның зертханалық жағдайдағы репликациясын 
жүргізуге қолын жеткізді. 
1957ж. - М.Мезельсон және Ф.Сталь ДНҚ репликациясының жартылай 
консервативтік жолының механизмдерін ашты.
1958 ж. - Ф.Крик «молекулалық биологияның ортақ догмасын» 
құрастырды. 
1960ж. - әлемнің бірнеше лабораторияларында генетикалық ақпараттың
транскрипциялану механизмдері ашылғандылығы мәлімденді.
1961ж. - Ж.Моно және Ф.Жакоб оперон теориясын құрастыру арқасында
- бактериялардағы ақуыз синтезінің генетикалық реттелу жолдарын дәлелдеп 
шықты.
1961 ж.- А.Марму және П.Доти ДНҚ-ның ренатурациялық құбылысын 
ашты және нуклеин қышқылдарының будандасу барысындағы реакциялардың 
жүруін дәл көрсетті. 
1962 ж. - Дж.Гердон бірінші болып - омыртқалы жануарларды клондау 
әдісі арқылы алды. 
1961-1965 жж. - көптеген ізденушілер топтары ( Г.Корана, М.Ниренберг,
Р.Холли, С.Очао, Дж. Маттей) генетикалық кодтардың құпиясын ашу 
бағыттарында ізденістерді жүргізді. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қазіргі амин 
қышқылдарының «кодтық аудармалары» жазылды. 
1965-1967 жж. - Р.Холли аланинның тРНҚ-ның, ал А.А.Баев - валиннің 
біріншілей құрылымын анықтап шықты. 
1966 ж. - М.Ниренберг, С.Очао, Г.Корана генетикалық кодтың шифрын 
ашты.
1969ж. - Г.Корана зертханалық жағдайда алғашқы болып генді химиялық 
жолмен синтездеді. Бұл ген инженериясының - өмірге келу жылы. 
1970ж. - Г.Темин және Д.Балтимор кері транскриптаза (РНҚ-ға тәуелді 
ДНҚ-полимераза) процесін ашты. 
1972 ж. - П.Берг бірінші рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастырды. 
1972ж. - Г.Бойер, С.Коэн, П.Берг ДНҚ өркендету технологиясын жасап 
шықты. 
1974 ж. - Р.Корнберг, АОлинс, Д.Олинс хроматинің нуклеосомдық
құрылымдық теориясын ұсынды. 



1975ж. - П.Берг бастаған бір топ ғалымдар (Берг комитеті) АҚШ-тың 
Асиломаре қаласында Халықаралық ген инженериясының этикалық
конференциясын ұйымдастырды. Конференция ген инженериясының біраз 
бағыттарындағы (адамды клондау) ізденістерге уақытша тоқтату туралы шешім 
қабылдады.
1975-1977 ж.ж. - нуклеотидтік кезектестіктердің орналасуын тез анықтау 
әдісін ұсынды.
1977ж. - У.Гильберт және Ф.Сенджер нуклеотидтердегі нуклеин
қышқылдарының кезектесіп орналасу тәртіптерін анықтайтын әдісті 
(секвенирлеу) ашты. 
1977ж. - Р.Роберт және Ф.Шарп эукариоттық жасушалардағы ген 
құрылымының өрнегін (мозаикасын) алды. 
1981ж. - Сүтқоректілерден (тышқанның) бірінші трансгендер алынды. 
1988ж. - АҚШ генетиктерінің ұсыныстары бойынша Халықаралық «Адам 
геномы» ұйымы ұйымдастырылды. 
1990 ж. - Алғашқы рет адамның ағзасына жаңа ген ендірілді. 
1995 ж. - Бактерия геномының құрылысы анықталынды. 
1990 жылдары жоғарғы сатылы диплоидты ағзаларды клондау 
тәжірибелері сәтті аяқталына бастады. 1997 жылы Ұлыбританияда «Долли»
қозысы, 1998 жылы торай, 1999 жылы маймыл баласы алынды. 
2003 ж. - Адам геномының картасы жасалынды. 
Кәзірге күндері түрлі ағзалардың гендерін және геном бөліктерін қолдану 
арқылы ремонбинатты ДНҚ молекуласын алу және оларды пайдалану 
жұмыстары қарқынды жүріп келеді. 
Генетиканың әртүрлі бағыттарының дамуына Қазақстан ғалымдары да 
үлкен үлестерін қосты. Қазақстанда генетика саласындағы алғашқы зерттеулер 
30-40 жылдары басталды. Республикада бидай, арпа, сұлы, жүгері, қант 
қызылшасы және басқа ауылшаруашылық дақылдарының (К.Мынбаев, 
Г.З.Бияшев, А.М.Ғаббасов, Н.Л.Удольская, І.Ә.Әбуғалиев, Р.А.Уразалиев т.б.), 
раушан, сирень, астра гүлдерінің және ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің 
(Е.Х.Узенбаев, М.В.Бессчетнова, А.Ж.Жангалиев т.б.) мол өнімді сорттары 
шығарылды.
Қазақстанда алшақ будандастыру әдісімен мол өнімді мал тұқымдары 
шығарылды. Н.С.Бутарин, Ш.Жандеркин, Ә.Е.Есенжолов жабайы арқарды 
пайдаланып қойдың арқар меринос тұқымы алды. В.А.Бальмонт, М.Ә.Ермеков, 
А.Е.Елеманов, Ф.М.Мүхаметқалиев, Қ.Медеубеков, М.К.Кройтер биязы және 
биязылау жүнді, кроссбредой тұқымдарын алудың генетикалық-селекциялық 
негіздерін теориялық және практикалық түрде дәлелдеді. Генетикалық 
зерттеулер бүгінде де елімізде қарқынды даму үстінде.



Генетиканың заңдылықтары мен жетістіктері, қолданылатын әдістерге 
тікелей байланысты. Қазіргі кезде генетикада келесі әдістер қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет