2.Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала: Аурулар (1-10) және олардың сипаттамасы (1-12) бойынша сәйкестендіріңдер:
1. Цинга. 6. Семіздік.
2. Кариес. 7 Іш сүзегі.
3.Дизентерия. 8.Гастрит.
4. Құрт аурулары. 9. Асқазан жарасы.
5. Тырысқақ. 10. Тәбеттің болмауы.
3. Жаңа тақырып: Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына
байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және
витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және
организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың
клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген
заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері
ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның
нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті
қуат алады.
Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды
бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана
теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым
болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты
бұзылады.
Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар.
Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок,
май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары
жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-
17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы
біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті
заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге
қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.