Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.


Лекция № 19
Тақырыбы: Сүйектің байланысу типі. Сүйектердің біргуі мен буындар
Тұлға сүйектерінің байланысы. Тұлға сүйектері өзара қимылды (диартрозды ) және
қимылсыз (синартрозды) байланыстар жасайды. Омыртқа жотасының бас сүйектерімен
байланысуын шүйде – атлант буыны дейді. Бұл элиппс тәрізді буындар қатарына жатады. Ал
атлант пен эпситрофей омыртқаларының арасында үш түрлі байланыс бар. Оның екеуі осы
омыртқалардың астыңғы және үстіңгі буын беттерінің байланысунан пайда болса, үшінші
буындасуы І – ші омыртқаның алдыңғы доғасымен ІІ- омыртқаның тіс өсіндісінің арасында
пайда болады. Омыртқааралық шеміршектер бір омыртқа денесінің астыңғы бетімен екінші


омыртқа денесінің үстіңгі бетімен байланыстырып отырады. Олар жоғарыдан төмен қарай
қалыңдай түседі. Омыртқа аралық шеміршектер омыртқа жотасына серпімділік (рессорлық )
әрі еркін қимылды қасиет беріп, дененің қимылын арттырады. Сонымен бірге жүргенде,
секіргенде омыртқалардың бір-біріне түсетін салмағын баяулатады. Омыртқалардың буын
өсінділері өзара байланысып буын түзеді. Мойын, көкірек омыртқаларының арасында жазық
буын болса бел омыртқалар арасында цилиндр тәрізді буындар жатады.
Омыртқа жотасы жалпы сіңір байламдары арқылы байланысып тұрады. Оларға омыртқа
жотасының алдыңғы бетімен ұзына бойымен өтетін алдыңғы ұзынша сіңір байламы және
омыртқа денелерінің арт жағымен өтетін артқы ұзынша сіңір байламы жатады. 
Қабырғалар арт жағынан көкірек омыртқаларымен ал алдыңғы жағынан төс сүйегімен
жалғасып, көкірек клеткасын түзеді.
Қорытып айтқанда, омыртқа жотасының бойында байланыс түрлерінің бірнешеуін
кездестіруге болады. Омыртқа денелерініңм арасында (сегізкөзге дейін ) омыртқа аралық
шеміршектер жатса, ал арқа өсінді байламы арқа өсінділерінің ұшымен ұзына бой жоғары
қарай жүріп отырып, мойын омыртқалар тұсында жалпақ желке сіңіріне жалғасады. Ол
шүйде сүйегіне барып бекйді. 
Сегізкө бен құйымшақ омыртқалары өзара сүйектеніп бірігіп жатады. Бұл екі сүйек өзара
бір-бірімен буынды қосылыс жасап, қозғалмалы келеді. Әйел адамның босануы кезінде
құйымшақ сүйегі осы буыннан сыртқа қарай иіліп, баланың шығуын жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет