Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет25/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   119
Есте сақтаңыз!
Жұмыстың атауына (тақырыбы) қойылатын басты 
талаптар 
мынадай: 
жұмыстың атауы 
формалық
Р
-ч тұрғыдан 
анық, библиографиялық тұрғыдан дәл,
#
мазмұндық тұрғыдан түсінікті, қысқа және стильдік
тұрғыдан тілдік нормаға сәйкес болуы тиіс.
Енді жоғарыда айтылған талаптарға жеке тоқталайық. Формалық 
тұрғыдан анық деп отырғанымыз, жұмыстың атауы автордың өзіне ғана 
немесе оның жақындарына, шағын ғылыми қауымдастыққа ғана түсінікті 
сөздер мен сөз тіркестерінен, фразалардан құралмауы тиіс. Мысалы, «Іс- 
әрекеттіканықсыз көпт ікпен анықсыз аздықтың функционалды- 
семантикалық өрісінің берілуі жолдары» деген тақырыпты осы 
мақаланың авторынан басқа адам түсінбеуі әбден мүмкін.
Библиографиялық тұрғыдан дәл деп отырғанымыз - сәл қиындау 
талап. Жұмыстың атауында сіздің зерттеуіңіздің сипатын, бағытын 
көрсететін тірек сөз болуы тиіс. Бұл арқылы, біріншіден, жұмыс 
атауын оқыған адамдар әңгіме не туралы болатынын шамамен түсінеді. 
Екіншіден, сіздіңжұмысыңызды кітапхана немесе басқа да қорға енгізетін 
адамдардың библиографиялық қызметін жеңілдетесіз. 
Осылайша 
сіздің жұмысыңызбен танысқысы келетін адамның еңбекті оңай тауып 
алуына көмектесесіз. Айталық, сіз жұмысыңызды «Дагдарыстан 
шығу жолдары» немесе «Жас отбасылардың мәселелері» сияқты
32


таптаурын атаумен атасаңыз, кітапханашылардың, библиографтардың 
жұмысын 
қиындатасыз. 
Олар жұмысты 
каталогтің 
қай 
бөлігіне 
орналастыруды білмей дағдарады немесе сіздіңжұмысыңызды қызыққан 
адам таба алмайтын жерге қоюы мүмкін. Сол себепті бірінші тақырыптың 
атауына «экономикалық», «әлеуметтік», ал екінші тақырып атауына 
«жумыссыз», «тұрғын жайы жоқ» немесе «көпбалалы» сияқты сөздерді 
қоссаңыз, жұмысыңыз тиісті бибилиографиялық көрсеткішке енеді 
әрі тақырып аты мазмұндық тұрғыдан түсінікті болады. Сол сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет