2.6 Зерттеу жұмысының материалын жинау
Енді зерттеудің
материалын жинау жұмысына
келейік.
Материал
ретінде зерттеу мәселесімен
байланысты
деректер, идеялар, мысалдар, бақылау
нәтижелері және т.б. түсініледі. Зерттеу тақырыбына
қатысты
белгілі қор жинақгалмаса, жазбаша жұмысыңыз
ғылыми жақтан шынайы, дәл емес, құр сөзге құрылған,
қызықсыз еңбек болып шығады. Ақпарат жинауға
жіберілген уақытыңызды босқа кеткен уақыт деп есептемеңіз. Алдын ала
жасалған жоспарыңызға сәйкес жиналған
материалыңыз неғұрлым көп
болса, жұмысыңыз соғұрлым ғылыми тұрғыдан дәйекті, дәлелді еңбек
болады.
Ақпарат жинауды кітапханадан, өзге де
электронды қорлардан
бастаған дұрыс. Сіз жаңадан Америка ашып жатқан жоқсыз, сіздің зерттеу
мәселеңіз бұрын-соңды, сізге дейін де жанама, ішінара түрде болса
да, басқа авторлардың еңбектерінде сөз болмауы мүмкін емес. Олай
болса, сізге дейін осы мәселе турасында зерттеулер жүргізген,
сіздің
зерттеу мәселеңізге ұқсас тақырып бойынша еңбек жазған адамдардың
жұмыстарымен танысуыңыз міндетті.
Ең алдымен,
кітапхананың
каталогімен (карточкалық немесе компьютерлік) танысыңыз. Каталогте
көрсетілген әдебиеттерді жинап алып,
қайсысын толық оқып шығасыз,
қайсысын тек қарап шығатыныңызды анықтаңыз. Бұл үшін кітаптың
аңдатпасын,
мазмұнын,
түрлі
тараулардан
бірнеше
абзацтар,
пайдаланылған әдебиеттерін қарап шығыңыз. Бұдан соң барлық
дереккөзді:
Достарыңызбен бөлісу: