Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет47/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
//шш.гавсһ.огд/тето^ .Ыт

Аванесов В.С. Тест как педагогическая система // Педагогические 
измерения, №1, 2007.
3 ОиВоіз Р.Н. А Нізіогу оТ РзусһоІодісаІ Тезііпд. Р.З. Возіоп. АІІуп апсі 
Васоп Іпс. 1970. һйр://{езіоІод.паго<±ги
4 ЬогсІ Ғ.М., Ыо^іск М. ЗіаіізіісаІ Тһеогіез оі МепіаІ Тезі Зсогез. Ы-Ү, 1968.
5 Аванесов В.С. Научные проблемы тестового контроля знаний. М.: 
/Іссл.центр, 1994.
73


6 Государственная программа развития и функционирования языков
з Республике Казахстан на 2011-2020 годы (Указ Президента Республики 
Казахстан от 29 июня 2011 года № 110).
7 ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2008 
жыл т.кагаШ езікг/ги/пем з/
8 \ллллл/.ЬоІазһак.доу.к
2
9 Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан» (от
11 июля 1997 года).
10 СТ Р К1926-2009 «Коммуникативные языковые компетенции владения 
казахским языком. Элементарный уровень. Общее владение»;
СТ РК 1928-2009 «Коммуникативные языковые компетенции владения 
казахским языком. Базовый уровень. Общее владение»;
СТ РК 1929-2009 «Коммуникативные языковые компетенции владения 
казахским языком. Средний уровень. Общее владение»;
СТ РК 1925-2009 «Коммуникативные языковые компетенции владения 
казахским языком. Уровень выше среднего. Общее владение»;
СТ РК 1927-2009 «Коммуникативные языковые компетенции владения 
казахским языком. Высокий уровень. Общее владение».
11 Аванесов В.С. Проблема становления системы педагогических 
измерений. Мір://1:е5І;оІод.пагосІ.ги/ЕсІисаііоп40.һітІ.
12 Аванесов В.С. Тест как педагогическая система // Педагогические 
измерения, №1, 2007.
13 Аванесов В.С. Трудность теста и тестовых заданий. һіір://іезіоІод. 
пагосі.ги/Тһеогу7.һітІ
4.3 А бстракт
А бстракт қалай ж а зы лад ы ?
і
«V 
Егер сізге ғылыми мақалаға немесе баяндамаға 
Н а ^ Д ^ в І І абстракт (аудармасы - «аңцатпа», түйіндеме, реферат») 
жазу керек болса, абыржымаңыз. Сіздің абстрактіңіз -
бүл өзге біреулер шолу ретінде пайдалануы мүмкін жұмыстың немесе 
мақаланың қысқаша мазмүны. Ол сіздің оқырманыңызға мақала не 
туралы екенін түсінуге көмектеседі және оның көмегімен адамдар нақты 
жұмысты таба алады, әрі ездерінің белгілі бір мақсаттарына жету үшін 
оның көмегі бола ма, болмай ма, соны шешеді. Егер де абстрактіге 
өзіңіздің жазған жұмысыңыздың жай мазмұны деп қарасаңыз, онда ол 
өте жеңіл орындалады.
1) 
Ең алды м ен, м ақаланы ң өзін ж азы ңы з. Абстракт жұмыстың 
басында болғандығына қарамастан, ол мақаланың түйіндемесі қызметін 
орындайды. Бұл сіздіңтақырыпқа кіріспе емес, мақалада нежазғаныңызға 
шолу жасау.
Кіріспе мен абстракт - бұл мүлде екі бөлек нәрселер. Мақаладағы 
кіріспе негізгі идеяны немесе мәселені таныстырса, абстракт, әдістер мен
74


нәтижелерді қоса ала отырып, мақаланы тұтас қарастыру үшін қызмет 
етеді.
Егер сіз өзіңіздің мақалаңыздың не туралы болатынын білемін деп 
болжасаңыз да, рефераттауды әрқашан соңына қалдырыңыз.
2) А б страктж азуғаарнал ған б а рл ы қтал апта р ды қа р а птүсін ің із.
Сізге жазған жұмысыңызға абстракт жазу тапсырмасы берілді. Сіз
абстракт жазуға қойылатын талаптардан ауытқымауға тырысыңыз. 
Абстракт жазуға кіріспес бұрын берілген ережелер мен ұсынымдарға 
көңіл аударыңыз. Ескеруге міндетті маңызды нәрселерді анықтап алыңыз:
Абстрактінің көлемі қандай болуы керек?
Стильге қойылатын қандай да бір талаптар бар ма?
Сіз оқытушыға немесе жарияланым үшін жазып отырсыз ба?
Мақсатты аудиторияны ескеріңіз. Сіздің абстрактіні сол саланың өзге 
де ғалым мамандары оқитын болады. Сонымен қатар басқа саланың да 
кез келген маман оқырманына түсінікті болуы керек.
3) Сіз 
жазу 
керек 
абстрактінің түрін 
аны қтаңы з. 
Негізі 
барлық абстрактілер бір ғана мақсатты орындау үшін қызмет етсе де, 
рефераттаудың сипаттамалы және ақпараттық деген екі негізгі стилі 
бар. Сізге басшылыққа алатын нақты стильді көрсеткен болар, егер де 
олай болмаса, сізге дұрыс бағытты өзіңізге табуға тура келеді. Әдетте, 
ақпараттық абстрактілер келемді зерттеулер үшін, ал сипаттамалы 
абстрактілер қысқа мақалалар үшін қолданылады.
Сипаттамалы абстрактілер сіздің жұмысыңыздың мақсаты мен 
міндеттерін, қолданылған әдіс-тәсілдерін түсіндіреді, бірақ нәтижесі бар 
бөлігін қамтымайды. Ол, әдетте, барлығы 100-200 сөзден тұрады.
Ақпараттықабстрактілерсіздіңзерттеулеріңізді нәтижелерімен бірге 
шолуға арналған мақалаңыздың ықшамдалған нұсқасынан тұрады. Олар 
сипаттамалы абстрактіден анағұрлым көлемдірек және бір параграфтан 
толық бір бетке дейін көлемнен тұруы мүмкін.
Екі стильде де мазмұндалған негізгі ақпарат бірдей, басты ерекшелігі 
нәтижелер тек ақпараттық абстрактіге енгізілген, ал ол сипаттамалы 
абстрактіден анағұрлым көлемдірек.
4.4 А бстракт жазу
1) Сіз а лд ы ңы зға қойы лған міндетті аны қтаңы з.
Мысалы, мектептердегі тоя тамақ жемеу мен теменгі 
бағалар арасындағы байланыстар туралы жазасыз. Бұдан 
шығатын қорытынды не? Неге бұл маңызды? Оқырман сіздің 
зерттеуіңіз неге маңызды және оның міндеті не екенін білуі 
керек. Өзіңіздің сипаттамалы абстрактіңізді төменде берілген бір немесе 
барлық сұрақтарға жауап беруден бастаңыз:
75



Сіз неге бұл зерттеуді жүргізуді шештіңіз?

Оны неге маңызды деп санауға болады?

Неге барлық мақаланы оқу керек?
2) Қаралы п оты рған проблеманы түсіндірЁңіз. Енді оқырман сіздің 
мақаланы неге жазғаныңызды немесе сіз бұл тақырыпты неге маңызды 
деп санайтындығыңызды біледі, сонымен қатар оған сіз қарастырған 
басты мәселені білу де қажет. Кейде мәселені өзектілікпен біріктіруге 
болады, бірақ анықтық үшін бұл екеуін бөлген жөн.
Қандай мәселені сіз езіңіздің зерттеуіңізде жақсырақ шешуге 
немесе түсіндіруге тырысасыз?
Сіз зерттеудің қай саласын таі-щайсыз - бұл жалпы мәселе ме 
немесе анағұрлым нақтырақ нәрсе ме?
Сіздің басты дәлеліңіз немесе пайьімдауыңыз қандай?
Ө зің ізд ің әдістеріңізді түсін д ір ің із. Өзектілік бар. Мәселе бар. 
Әдістер ше? Енді біз сіздің зерттеуіңізді қалай орындағаныңызға шолу 
жасайтын бөлікке келеміз. Егер сіз ез жұмысыңызға аңдатпа жазып 
жатсаңыз, оның сипаттамасын қосыңыз. Егер сіз басқа біреудіңжұмысын 
қысқаша мазмұндап жатсаңыз, оны қысқаша түсіндіруге болады.
Өзіңіздің шешімдеріңізді бекіту үшін пайдаланылған дәлелдемелік 
базаны сипаттаңыз.
Өзіңіздің барынша маңызды дереккөздеріңізді қысқаша белгілеңіз.
3) А л ы н ға н нәтижелерді сипаттаңы з (тек ақпаратты қ абстракт 
үш ін). Міне, осы жерде сіз өзіңіздің абстрактіні сипаттамалы немесе 
ақпараттық деп анықтай бастайсыз. Ақпараттық абстрактіде сізге өз 
зерттеуіңіздің нәтижелерін келтіру қажет. Сіз қандай нәтижеге қол 
жеткіздіңіз?
Сіз өз зерттеуіңізде қандай сұраққа жауап алдыңыз?
Сіздің дәлеліңіз немесе болжамыңыз расталды ма?
Сіздің жалпы қорытындыларыңыз қандай?
4) Қ о р ы ты н д ы ж асаңы з. Сонымен сіз өзіңіздің баяндауыңызды 
бітіріп, абстрактіні аяқтайсыз. Өзіңіздің қорытындыларыңыздың мәніне 
және барлық мақаланың маңыздылығына тоқталыңыз. Қорытындының 
мұндай форматтарын сипаттамалы абстракт үшін де, ақпараттық 
абстракт үшін де пайдалануға болады, бірақ сіз тек ақпараттүрінде мына 
мәселелерді қозғай кетуіңіз керек.
Сіздің жұмысыңыздан қандай қорытындығы келуге болады?
Алынған нәтижелер жалпы сипатқа ие ме немесе олар нақты ма?
А бстракт ж азам ы з
Бұл ғылыми жанр соңғы уақытта ерекше белгілі бола бастады. Оны 
аңдатпамен шатастыратындар да бар. Бұл екеуі бір нәрсе емес, сонымен 
абстракт жазуды үйренеміз.
А бстракт - бұл оқырманға бірқатар материалды қарауға және 
ақпараттың өзіне қажетті зерттеу міндеттерін таңцауға мүмкіндік беретін
76


қысқаша мазмұндама. Осы ретте абстрактжарияланыммен қоса жүретін 
болғандықтан, оқырманға ұсынылған жазбаша жұмыстың бір бөлігін 
ғана қамтыса да, мағыналық жағынан дербес болуы керек. Сондай- 
ақ жазбаша тапсырманың бір бөлігі ретінде абстракт жазуға болады. 
Абстракт жазбаша тапсырманың бірінші бөлігінде болса да, ол жұмысты 
аяқтағаннан кейін жазылады.
Абстракт жазудың бірнеше жалпы ережесі бар:
- абстрактіні титулдық беттен кейін жеке бетке жазыңыз;
- парақтың ортасына үлкен әріптермен АБСТРАКТ деп жазыңыз;
- негізгі жазбаша жұмыстың көлеміне байланысты 150-200 сөз 
абстракт жазыңыз;
- ғылыми стильді ұстаныңыз, жұмыстың негізгі мазмұны мен мәніне 
қатысты қысқа сөйлемдерді, тірек сөздер мен фразаларды пайдаланыңыз.
А бстракт жазуға 6 қадам
1. Зерттеліп отырған ғылыми мәселені көрсетіңіз, ол мәселенің неге 
өзекті екендігін айтыңыз.
2. Жұмысты құраушы негізгі компоненттер мен олардың сипаттамасын 
көрсетіңіз. Бұл ғылым саласына байланысты зерттеу материалы, 
экспериментке қатысушылар болуы мүмкін.
3. Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
4. Атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаңыз.
5. Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз.
6. Негізгі қол жеткізілген нәтижені, зерттеу нәтижелері нені 
растайтындығын керсетіңіз.
Тексеруді ұм ы тпа ң ы з. Абстракт - бұл жазба жұмысының бір түрі, 
сондықтан тапсырудың алдында тексеруді қажет етеді. Дұрыс жазу мен 
қатенің жоқ екеніне кез жеткізіңіз, форматтың дұрыстығын тексеріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет