орнын айқындау керек. Нысанды тұтастық ретінде тануда оның қурамдас
бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың
арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу,
оларды жинақтап,
бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезеңді жүзеге
асыру нысанның жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас
байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге,
талдау әдісін езге әдіспен,
яғни жинақтаумен алмастыруға байланысты.
Талдау аяқталған жерде
жинақтау басталады. Жинақтау (синтездеу)
кезінде нысанныңталдау жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас
бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде жинақтау деп элементтерді
біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу
керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр
элементтің орны мен рөлін
анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді, демек біздің кез
алдымызда зерттелетін нысанның нағыз диалектикалық бірлігін
көрсетіп
береді. Талдау мен жинақтау бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне
қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық
әдісінің екі жағы
болып табылады.
Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын,
дедукция
кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.
Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: