Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет50/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

ештеңе, таза еиітеңе.
Әйтеуір бар нәрсе, бірак оның қандай, қалай 
екендігі туралы ешнәрсе айтуға болмайды, себебі одан баска қасиет- 
терге көшсек, онда біз басқа категорияға (формата) ауысып кетеміз. 
Яғни болмысты оның нақгы формаларынан бөлек, окщау қарау осыған 
әкеледі. Бірақ бар болса, барлық тым жалпы болса да, белгілі бір 
айқындық. Сондықтан таза болмыстың таза ештеңелікпен барабар- 
лығы абсолюттік емес. Біз ештеңелікті де белгілі бір бар нәрседей 
қабылдаймыз, оны болмысқа қарсы қоямыз. Осындай таза болмыс - 
тың өзі 
бірдеңе
(нечто). Ал егер біз ештеңе туралы да оны бар нэрсе- 
дей қабылдап, оны болмыстан бөлінбейтін қасиетіндей қарайтын 
болсақ, оның негізінде: ештеңе де бар, себебі ештеңе белгілі бір 
бірдеңенің ештеңесі, бірдеңенің басқа бір қалпы не өзіне өзінің каты- 
насы болғаны. Осы ойдың соңгы түйінін айтсақ, бірдеңе мен ештеңе 
болмыстың ішкі екі жағы, өйткені ештеңе де алаңсыз, абсолюттік 
жоқтық емес екен, ол барлықтың өзіне өзінің қатынасы екен. Өзінің 
барлығын терістеу, оз барлығының жоқтығы әрбір бар нәрсенің өз 
ішінде екен.
Кәдімгі ойлауда, тіпті ғылым мен философияның коп салала- 
рында ештеңені бірдеңеге алаңсыз қарсы қою үйреншікті жағдай. Яғни 
олардың мазмүндарының бір-біріне іштей қатыстылығы, тәуелді бай- 
ланыстылығы көрінбейді, олардың бір-бірінсіз де жоқ екендігі мой- 
ындалмайды. Олардың бірінсіз екіншісін де түсіндіру мүмкін емес. 
Мүндай қарама-қарсылықтардың өзара қатыстылығымен біз әр мә- 
селеде кезігіп отыратын боламыз.
Философия тарихында таза болмысты абсолюттік акикат ретінде 
алгаш жария етіп, дәлелдеуге тырысқан Элей философтары, олардың 
ішінде, әсіресе Парменид (б.д.д. VT-V) болатын. Парменидтің айту- 
ынша дүниеде болмыс қана бар, одан басқа ешнәрсе жоқ, болмыс - 
біртүтас, ол жіктелмеген, бөлектенбеген. Біздің ойымыз тек бар нәр- 
се туралы болуы мүмкін, ал жоқ нәрсені біз ойлай алмаймыз. Олай 
болса, жоктық, ол - алаңсыз жоқтық, барлық - абсолюттік барлык, ол 
екеуінің ешқандай байланысы болуы мүмкін емес. Бүтіндік бар,
127


бөліктер жоқ, бірлік бар, көптік жоқ. Дүниеде бос кеңістік жоқ, бар­
лы к кеңістік толтырылған. Сондықтан онда қозғалыс та, өзгеріс те 
болмайды. Олар туралы біздің сезімдеріміз жалган көрініс.
Тап осы кезенде өмір сүрген грек философы Гераклит керісінше 
козқарас айтып, дүниенің негізі от, ал ол - процесс, олай болса дүни- 
еде түрақгы ешнәрсе жоқ, бәрі де қалыптасу қозғалысының бір-біріне 
өтіп жататын кезендері гана деген. Ол түргыдан болмыс та жоқ, ягни 
бірдеңе де, ештеңе де жоқ. Олар, эрине бар, бірақ омір деген тасқьшг- 
ның бір жалт етіп өте шыгатын откінші кезендері гана. Бар нәрсе - 
осы мәңгілік тасқын. Шыгыста кең таралган: туганның бәрі олуге 
жаралган, ал олім - жаңа бір өмірге кіру - дейтін мәтел де осы барлық 
пен жоқтықтың, бірдеңе мен ештеңенің бірлігін айтып түр.
Үзақ уақыт философияда болмыс тек танымның түргысынан 
қаралгандыктан, онда болмыс ойлаудан, санадан тыс алынып, олар- 
мен қарама-қарсы қатынаста анықталып жүрді. Бүл материалистік 
багыттарда осылай. Мүнда болмыс алгашқы, бірінші, негізгі, тудыру- 
шы (сананы) күш. Әрине, бүл да бір қүндылыктың түргысынан 
козқарас.
XX гасырдагы Батыс философиясындагы кейбір багыттар сана- 
ның әлемдік, космостық, ягни болмыстык ролі, мәні жөнінде мәселе 
қоюда. М.Хайдеггер, Ж.-ГТ.Сартр т.б. ойшылдар сананың болмыс- 
тагы орнын “омір сүру” (существование) сферасымен байланысты- 
рады. Ал бүл сферада болу болмысты жан толганысында бастан кешу. 
Жеке түлга үшін көп жагдайда болган іс-әреКет, оқигалардан көрі 
соларды оз жан әлемінде, сезімдерінде откеру маңыздырақ. Сонда 
қай өмірді ол шын магынасында “болу” немесе “болмау” деп түсінер 
еді?
Бүрынгы тарауларда ақиқат мәнділік жайында айтқанымызда 
адамның өзі тандаган, үстанып жүрген нәрселерін жалған да, ақиқат 
та күндылық болуы мүмкін дегенбіз. Олай болса болудың өзі де адам 
әлемінде әртүрлі, ягни жалган да, шын да болатыны гой. Біреулердің 
“болдым” деп жүрген болмысы мазмүны жагынан пәс, ягни жалган 
болуы ықтимал. Ол әрине, абстракциялық болмысқа кіреді, ол да 
болудың бір түрі, өйткені бір “жанның” мүратының іске асқаны гой. 
Адамга жануардың болмысымен болу жарамайды дедік. Оган табигат- 
тагы кез келген заттың болмысы да болмыс емес. Бірақ олардың бар- 
лыгына оз деңгейіндегі болмысы жарамды.Адам универсалдық жану- 
ар болгандықтан, оган барлық болмыстардың өз мөнін, шын мәнін 
олардың өзіндік өлшемінде қабылдауы және багалай білуі тиіс. Сол 
магынада оган басқа барлық дүниенің озіндік болмысы тартымды. 
Сондықтан да өзінің универсалдық мәнділігінің шеңберінде баска 
барлық болмыстардың шын мәнділігінің орны болуга тиіс. Бүл адам-
128


ның, бүкіл әлемнің алдындағы жауапкершілігі. Осыдан келіп оның 
бүкіл әлеммен үйлесімді қатынасы шығады, шығуға тиіс. Яғни біздің 
түсінуіміздегі ^ л м ы с , - ол адамның мәнділігінің болмысы, тірі орга­
низм болып тіршілік етіп жүруінде гана емес.
Философия тарихында да әртүрлі бағыттар негізінде қандай 
қүндылықты қабылдауына сай біреулері болмысты, екіншілері мәнді 
т.т. әртүрлі категорияларды алга тартуы мүмкін. Сонымен қатар сол 
категориялардың мазмүнының өзі, оларды қалай түсіну керек екендігі 
де сол күндылықтың ықпалынан дедік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет