Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет70/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

22 Гегель Г.В.Ф.
Наука логики. М. 1970. Т.1. С. 421.
161


айрылады. Ягни сандық өзгерістер белгілі кезеңде сапалық өзгеріске 
әкелетінін көреміз дейді. Олай болса әр заттың табиғатына сай ішкі 
шегі оның өлшемі болып шығады. Сандық айқындьіқтың сапалық 
айқындықтан тәуелсіздігі, оның сырт, немқұрайдылығы белгілі бір 
дәрежеге дейін ғана екен. Екінші жағынан бұдан санның өзі де са- 
паға белгілі бір шек болып шығады. Бұлар болмыстың дамуының әр 
кезде біреуі алға шығатын қырлары. Гегель де болмыстың дамуын 
осылай түсінеді дедік. Әр нәрсенің пайда болып, даму жолынан өтуінде 
сапалық сипаты алғашқы, бірақ бұл онда әуелде ешқандай сандық 
белгі жоқ деген соз емес. Сандық айқындық әуелде сапалық айқын- 
дықтың тасасында. Тек заттың қалыптасуының келесі бір кезеңінде, 
яғни оның сапалық мазмұны аныкталғаннан кейін оның сандық кыры 
алға шығады. Сандық өзгерістердің белгілі шегінде сапаның өзге- 
ретіндігі, яғни бір нәрсенің екінші нәрсеге айналуы, сандық өзгерістің 
түпкі мәні сапалық қалыптың өзіне өзінің бейтарап өрістеуі екен. 
Сандық өзгерістер мен сапалық өзгерістердің бір-біріне үласуында 
олардың біреуі жоғалып, екіншісі ғана қалады деген түсінік тумау 
керек. Бүған көбінесе ең қарапайым көрнекі мысал ретінде заттар- 
дың агрегаттық қалпының (қатты, сүйық, газдык) ауысып отыратын- 
дығын келтіреді; соның бірі температураның ықпалы мен судың мүз 
болып қатуы, сүйық қалпы, буға айналуы оның ортүрлі сапалық қал- 
пы деуге болады. Химиялық реакциялар да ^ртүрлі элементтердің 
бір-біріне айналуы, яғни сандық озгерістердің сапалық өзгерістерге 
және керісінше үласуы. Осы сандық өзгерістерден сапаға қайта үласу 
бүрынғы қалыпқа қайта келу ғана емес. Ол жаңа бір сапаға кошу, 
яғни сандық айқындық пен сапалық айқындыктың жаңа немесе баска 
бір сәйкестігі. Олай болса болмыстың әрбір озгеше формасы, ол - 
өлшем
екен. Өлшем даму процесінде сапаның бүрынғы қалпын қай- 
тадан орнықтыру емес, сол сапаның сандық өзгерістердегі толыса 
өзгерген дөрежесі. Бүрынғы қалыптасуда сан мен сапа op кайсысы оз 
•*а 
кезеңінде сыңар жақты қалыпта корінген болса, олшемде олардың 
бірлігі, іштей тендестігі жаңа деңгейде анықталған.
Осындай озгерістердің ақырында болмыстың өзгеруінің жаңа 
бір деңгейі болып түрған өлшем енді бүкіл әлемді солай коруге негіз 
болады. Енді дүниедегі бар нәрселердің бәрі де өлшем, ондағы каты- 
настардың бәрі де өлшемдердің озара қатынасы; өзгерістер оліием- 
дердің озгерістері. Ал сапа мен сан өлшемнің ішкі кезеңдері. Оған 
дейін бар нәрселердің бәрі де біресе сапа, біресе сан болып көрінген. 
Ол қалыптасудың жалпы белгісі - алға шыққан сипат бүкіл түтас- 
тықгың келбеті болып түрады.
Осы түрғыдан енді бір сападан екінші сапаға өту де бір олшем- 
нен екінші өлшемге өту, себебі ол енді ішкі түтастык белгісі не айқын-
162


дығы. Өзгерген нәрсе бір өлшемнен екінші өлшемге ауысқанда жаңа 
өлшем әлі ешбір өлшемнің жоқтығына барабар, себебі оның айтылған 
айқындықтары әлі анық емес, оларға әлі- қалыптасу жолында анықгалу 
қажет.
Өлшемді де адамдар ең алдымен практикалық өмірде меңгерді 
және өз қатынастарында әртүрлі өлшемдерді өздері жасайды әрі ор- 
натады. Сондықтан да олардың күнделікті істерінде, қатынастарын- 
да, ойлауында өлшем жөнінде түсініктер бар, соны бекітетін заттар, 
сөздер бар. Олар тағьща әртүрлі мәдени ортада, әрине, әртүрлі. Мүндай 
өлшемге байланысты түсініктер мен заттар - өлшеуіштер (метр, ки ­
лограмм, градусник, т.т.) практикалык пайдалы мазмүнда гана емес, 
коп жагдайда дүниеге катынастың, адамның адамга қатынасының іттікі 
бір өлшемі, багалаушылык нормасы болып та кетеді. Адамдардан тыс 
дүниедегі заттар мен процестердің өзіндік ішкі өлшемінің барлыгы 
толык мәнінде танымдық 
қ ы з м е т т ің
дамуында ашьшады.
Ең алдымен адамдардың бір-біріне қатынастарының, соның 
негізінде қүралатын қогамдасудың әртүрлі формаларының өзі белгілі 
қүндылыққа қүралатынын айтқанбыз. Ол күндылык іс-әрекеттерде, 
қатынастарда калыптасу, айкындалу жолын бүрынырак көрсеткен 
сапалық, сандык және өлшемдік дәрежеге дейінгі дамуда өтеді. Ол 
да, әрине, табигаттагы сиякты объективтік процестер. Ондай қүнды- 
лык - адам болудың өлшемі, нормасы. Оның да сапалық, сандык 
кезендері бар. Қандай болганда адам адам болады, осы туралы сезімдер 
мен түсініктер сол күндылыктың негізгі мазмүнын қүрауы тиіс. Адам 
мен адамның әрбір қатынаска келуі - саналы түрде болсын, не бол­
масын, оган қарамастан - жалпы алганда осы негізге күралады. Бүрын 
да айтқандай олар ақикат та, жалган да бола беруі мүмкін, бірақ белгілі 
бір адамдыктың талабы олардың қатынастарының өзегі. Гегель де 
кезінде адамгершілік, праволықт.б. нормаларды өлшемдер деп атаган. 
Мүндай олшем, әрине, метрлік, километрлік, салмақгық, температу- 
ралық т.т. заттарды өлшеуден тіпті басқаша.
Адамдық қатынастардың өлшемі орбір осындай накты істе, орбір 
накты қатынастарда әрі іс жүзінде корініп жатады, әрі соган катысқан 
адамдар бір-бірін адамдықтың белгілі бір талабымен өлшейді, сы- 
найды. Олар оны сана дәрежесінде білмеуі де мүмкін. Әрбір істің, 
қатынастың тікелей практикалық мақсаты, тікелей коздеген ноти- 
жесі бар. Ол көбінесе саналы түрде болады. Қүндылық талап, норма 
сол істің тікелей сыртқы күрылымының, акыргы нәтижесінің астар- 
лы жагы. Тікелей максатқа қол жеткенмен, іс, сыртқы нәтижесі 
жагынан сәтті болганмен, оның күндылық жагынан, талап, нормала- 
ры орындалмай қалса, ондай іс көбінесе адамды канагаттандырмай- 
ды. Сәтті істе соган колы жеткен адамның жогары багалайтын адам-
163


гершілік сипаттар сақталмаса, ол оны оңды нәрсе деп қабылдамай- 
ды, керісінше, ең қымбатты нәрсесінен айрылғандай сезім туады. 
Шынында солай, себебі адам өзінің адамдық деп есептейтін, қастер- 
лейтін өлшемінен айрылады.
Адамдарда, олардың дүниеге қатынасында жалғыз бір ғана өлшем 
болмайды. Бүл - оның жануарлардан негізгі өзгешеліктерінің бірі. 
Жануарлар жаралуынан қоршаған ортаға белгілі бір ғана өлшемді 
қатынаста. Ол өлшемді олардың өздері қаламаған, жасамаған. Оны 
олар өзгерте алмайды, оның шеңберінен өз қалауымен шыға алмай­
ды. Ж ануарлардың әртүрлі себептерден, ортаның өзгеруінен өз 
өлшемінен шығуы - оның өлімі. Басқа өлшем, ол, әрине, енді жануар 
емес.
Адамның өлшемі бүрын айтқан оның еркіндігіне байланысты. 
Адамға тән еркіндікті адамдық универсалдық өлшем деуге болады. 
Ол - қандай да болмасын бір нәрсені озіне қүндылық етіп қалау 
мүмкіндігі, ешбір өлшемнің оған алдын ала, жаратылысынан таңыл- 
мағандығы. Өз өлшемін озі қалауына болатындығы. Тіпті қаламауға 
да, қалаудан бас тартуға да мүмкіндігінің барлығы. Оның ол үшін 
қандай нәтижесі болса да, қалаудың екі-ақ нөтижесі - омір, не олім - 
болуы мүмкін болып түрғанда да ол екеуінің біреуін калай алады, 
яғни олімді де. Өйткені тірі калу кейбір жағдайда адамдықтың 
олшемінен айрылумен барабар. Сондықтан да эр адам озі қалаған 
омірінің олшемінен туатын барлық ауыртпальіқтарды да ең алдымен 
озі котеруі тиіс жэне одан келуі мүмкін онды тартулардың қуанышы 
да ең алдымен соның нәтижесі.
Адам тек озіне ғана тән дайын бір олшеммен дүниеге кел- 
мейтіндіктен дүниедегі кез келген олшемді озіне олшем етуі де мүмкін. 
Бүл әсіресе оның озінен тыс дүниені, ең алдымен табиғат күштерін 
игеруде корінеді. Кез келген затты тіршілік мүқтаждығынан меңгере 
отырып, ол оның озіндік олшемін озіне де олшем етеді. Жеке табиғи 
заттар мен процестердің олшемдері, бірақ, адамның омірлік қүнды- 
лығы бола бермейді, тек онын тіршіліктегі жеке істерінің олшеміне 
айналады. Сондықтан жеке істердегі олшемді адамның дүниеде қан- 
дай болуының олшемімен шатастырмау керек. Өмірлік, адамның адам 
болуының олшемі басқа дүниеден алынган, икемденген олшемдер- 
ден күралмайды, олардың жалпыланған қортындысы да емес. Табигат- 
та байқалған, жануарлар омірінде бар белгілі бір омір сүрудің жолы 
кейбір адамдардың қалап алған үлгісі болған күнде де, ол адам оны 
толығынан табиғи тіршілік жолына айналдыра алмайды. Адамдар 
дүниесінде қасқырлык омір үлгісімен жүремін деп шешкен адам да 
қасқыр бола алмайтыны анық, себебі қаскыр үшін ол жалғыз ғана 
тіршілік ету жолы, ол үшін бүл жол тандап алған үлгі емес, қүндылық
164


емес. Адам оны бір өзі үшін игілікті басқаларға өктем болудың (тіршілік 
етудің ғана емес) жолы деп қабылдайды, өктем болу ол қүндылық. 
Жеке істердің өлшемі сондықтан адамның әлеуметтік дүниеде қан- 
дай болуының өлшемі бола алмайды.
Дегенмен жеке істерінің өлшемі ретінде олар да белгілі дәреже- 
де адамдық өлшемдер. Олар да белгілі жағдайларда адамдарды бағала- 
удың өлшемдері, мысалы оның косіптік шеберлігі, кәсіпкерлік деңгейі 
осындай өлшемдерді қаншалықты меңгергендігінің корсеткіші. Бірақ 
осы нақты өлшемдердің арғы жағында адамдықтың түпкі өлшемі 
жатады.
Әр заттың және адамның қоғамдық оміріндегі осындай ішкі, 
олардың оз табиғатынан ажырамас олшемдерін философия тілінде 
имманенттік олшем дейді. Ол термин ішкі, өзіне тән деген мағынаны 
білдіреді. Мүнымен қатар адамдардың күнделікті істерінде сыртқы 
өлшемдер де бар. Олар әртүрлі заттарды, кеңістікті, уакытты, проце- 
стерді олардың ішкі табиғатына біршама тәуелсіз олшеу қызметінің 
әдістері мен күралдары. Бүл күнделікті әркімнің атқарып, қолданып 
жүретін сағаттары, метрлік т.б. өлшеуіштер, салмақты олшейтін та- 
разылар, температураны олшейтін градусник т.т. Олар адамның олше- 
нетін нәрселерді пайдаланудағы оның максатына ыңғайланған шарт- 
ты өлшеуіштер.
Бірак осы сыртқы шартты өлшеуіштердің адамдар тарихында 
пайда болуы олардың озара қатынастарының имманенттік өлшем- 
дерінің қалыптасуынан және табигаттағы заттардың ішкі олшемінің 
қалыптасу жолымен белгілі бір байланысы бар.
Табигатта да, қогамда да белгілі бір табиғаттагы заттар мен қаты- 
настардың калыптасып, өзінің ішкі өлшеміне жетуінде олардың жеке 
бір түрлерінде, жеке бір жалқы формаларында оның олшемі айрықша 
бір айқындықпен, ешбір қоспасыз мөлдір таза қалпында пайда бола­
ды. Ондай ішкі өлшемінің айрықша анық жетілген түрлерін біз қара- 
пайым тілде “нағыз”, “хас” дейміз: нағыз адам, нагыз ерлік, хас сүлу 
т.т. Заттар туралы да солай. Мысалы, бойында баска элементтердің 
қоспасы жоқ алтын тек оз атомдарынан гана қүралса, ол - алтынньщ 
алтыны. Сол сияқты баска элементтердің де таза боліктері болады. 
Париж бен Лондондагы осындай эр нәрселердің эталондары, үлгілері 
сол нәрселердің адамдар қабылдаған өлшемдері. Халықаралык сауда 
қатынастарына шыққан алтын, күміс т.б. элементтердің товарлык 
бағасы осы эталондарға қаншалықты жакын екендігіне де байланыс­
ты анықталады.
Товарлы катынастардың даму тарихында сан түрлі товарлардың 
ішінен бір товардың бөлініп шығып, оның күны басқа барлык товар- 
лардың күнының өлшеміне айналуы да осы сиякты процесс. Акдіа-
165


ның тарихта алғашқы шығуы ешбір саналы жоспарланған әрекеттің 
нәтижесі емес. Осындай бөлініп шыққан товарлардың, айырбастың 
құралына, яғни акдіаға айналатыны белгілі. Айырбас құралы болу 
ақшаға айналған товардың сыртқы басқа товарлардың құнын олше- 
уші қызметі. Бірақ осы өлшеуіштік қызмет товарлы-құндық қатына- 
стың ең жетілген таза түрі. Ақшалық қызмет көп товарлардың ішінде 
әсіресе алтынды беліп шығарады. Озі аз болғанмен ол өте күнды. 
Оны өндіруге кстетін қоғамдық қажетті еңбек, яғни жүмыс уақыты 
өте көп. Ол бөлшектеуге, өлшеуге ыңғайлы, бүзылып, тот баспайды 
т.т. Оның азғантай болігінің қүны басқа товарлардың мол колемінің 
қүнына сәйкес. Осының нәтижесінде алтынның заттық қалпының 
озі күнның объективтік болу формасына, яғни қүнның оз тәніне ай- 
налған. Тіпті күнделікті адамдар қатынасында, психологиясында ал­
тын байлықтың заттық бейнесі. Ш ын мәнінде мүнда алтын осындай 
қатынастар үстем болған ортада адамның адамдығының олшеміне де 
айналады. Бүл, әрине, жалған қүндылық, сонда да болса ол омірде 
бар нәрсе. Қүнның озі сандық олшем болғандықтан күнның олшеуіші 
болып алған товар барлық товарлардың ішкі тікелей козге корінбейтін 
қүндық табиғатының сыртқы коруге болатын айнасы, барлық товар- 
ларды, олар қаншалықты бір-біріне үқсамайтын болса да - бір біріне 
теңдестіретін, дәнекерлестіретін , байланы сты раты н езі екенін 
айғақтайды. Осындай қатынастар мендеген қоғамдық орталарда ол 
адамдардың кейде бірден-бір үмтылатын, аңеайтын, армандайтын 
оларды бір-бірімен біріктіретін де, жауластыратын да, бағындыратын 
да, ал кейде тәуелсіз, еркін ететін де күш болып алады.
Бірақ, бүл тарихтың Жаңа Дәуір кезінде Еуропаның дамыған 
елдерінде болған. Сол қоғамдардың озінде де мүндай олшем омірдің 
барлық жағын алаңсыз бағындыра алған жоқ. Бүл тағыда омірдің 
негізінде жататын қүндылықтың сандық жағының алға шыкқан ке- 
зеңі. Тарихта барлық уақытта олай болған жоқ.
Кдуымдық қоғамдасу дәуірінде адамдардың барлық істері мен 
■•л 
әрекеттері дәстүрлермен реттелетіндігін айтқанбыз. Басқаша айтқан- 
да аталар үрпағының рулық мүраттарына сай орнатылған тәртіптері 
мен нормалары, қүндылықтары әрбір іске, әрекетке баға берудің 
олшемі. Ол нормаларда жеке адамның дербестігіне, оның озіндік бір 
басқа қүндылықты қалауына орын жоқ. Жеке омірдің әрбір басатын 
қадамына дейін салт, дәстүр, үрдістермен аныкталып, бекітіліп қой- 
ылған. Омірдің эталоны, мүраты, адамның адамдығының олшемі, 
аталар орнатқан тәртіпке оралу, содан үдайы ауытқымау болғандықган 
озгеріс атаулы ол коғамда теріс бағалы нәрсе. Қоғамдық қатынастар 
бір кезде қалай үйымдастырылса, әсіресе не үшін үйымдастырылса, 
сол айнымай сақталып, үнемі қайталанып отыруы тиіс. Оның прин-
166


ципі - жеке адамды қоғамдық бүтіндікке толық мойынсұндыру деуге 
болады. Осы кезеңде жэне Антика мен Орта ғасырларда сақталған 
түсініктер бойынша адамдар іс-әрекеттерінде эр нәрсенің өзінің белгілі 
бір шамасының бар екенін, сол шамадан асып кетсе, жаманшылықка 
соқтыратьінын умытпауы керек. Ол шаманы әртүрлі діни, филосо- 
фиялық және күнделікті ойлаудың түсініктері бойынша қүдайлар, та- 
бигат, не космос, мемлекет, не қоғам т.т. орнатқан. Сонымен қатар 
ондай өлшемдер омірде бар берік орныккан ғана тәртіптер емес, олар 
адамдардың үдайы үмтылатын, көздейтін, аңсайтын немесе міндетті 
нэрселер ж әне соған сәйкес олар ақиқатты ң, там аш алы қты ң, 
әсемдіктің, игіліктіліктің үлгісі. Қазақтардың үғымдарында адамның 
мінез-қүлқындағы астамшылық - осындай өлшемдерден асып кету
өлшемдерден аттау.
Жаңа заманның сандық өлшемнен басқа дүниеге өкелген үлкен 
жаңалығы - жеке адамның экономикалық және әлеуметтік дербестігі, 
оны окшаулануы. Бүл әсіресе товарлы қатынастардың жоғарғы дәре- 
жесіне тән. Адамдардың қоғамында әртүрлі жіктелген топтарға бөлінуі 
бүрында қоғамда жалғыз бір қүндылықтың, яғни соған байланысты 
өлш емнің болуын жойған болатын. Ал товарлы қатынастардың 
жоғарғы дәрежесінде жеке адамның әлеуметтік оқшаулануы оны оз 
қүндылығын озі қалауға тиіс субъектіге айналдырады. Мүндай қоғамда 
да, әрине, коп адамдарға, тіпті барлық адамдарға ортақ бір қүндылык 
болуы ықтимал, оларды да эр адам тек өзі қалауы тиіс. Солай бола 
түрса да олардың өлшемдері эр адамда белгілі өзгешелікте. Бір идея­
ны қүптайтын адамдардың өзінде де соны нақты түсінуге өзгешелік 
болмай түрмайды. Жеке адахмдардың дербестігі дәуірінде бүл мүмкіндік 
айрыкша үл-~аяды. Коп адамдардың өзіндік олшеммен омір сүретіндігі 
бар жэне занды да. Осындай дербес субъектілердің қогамдасуында 
гана олардың саналуан өлшемдері мен мойындайтын нормаларын 
белгілі бір ортақ нормалар, ортақ өлшемдерге келтіру мүктаждығы 
туатыны хақ. Тек қана барлык адамдарга бірдей зандар жүйесіне сүйе- 
нетін азаматтық қоғам осындай дәрежедегі субъектілер қалыптасқан- 
да пайда болады. Әркімнің өзіндік өлшемдерімен қатар және солар- 
ды үйлестіруге тиіс және адамдарды мойынсүндыратын осындай 
заңдар, әрине, ортақ олшемдер. Мүндай өлшемдер бір-біріне тен емес 
адамдарга қолданылатын тең өлшемдер. Олар адамдарды белгілі бір 
дәрежеге дейін тең деп қарайды. Сол дәрежеде олардың бәрі де осын­
дай нормаларда қойылатын талаптарды орындауы тиіс. Ол нормалар, 
олш емдер тең емес адамдарды ң б ір -б ір ін ің мүддесіне нүқсан 
келтірмеуінің жагдайларын қарастырып, бекітуі керек. Басканың 
мүддесіне зиян келтірмесе жеке адам шексіз дамуына жол ашық бо­
луы керек. Сонымен мүндай олшемдер жалпы алганда адамдар
167


мүмкіндіктерінің орта дэрежесін қамтиды деуге болады. Бүл да им- 
маненттік іштей олшемнің дамуының бір кезеңінде озіне бір сыртқы 
форма беріп, сырттай олшеуішке айналуы.
Сырттай өлш еуіш тер ж аттану дәуірлерінде осы ндай іш кі 
олш емнің сыртқы формасы қалпынан керісінше, алгаш адамдар 
тугызған нәрсе емес, қайта олар алгашкы, негізгі, адамдарды белгілі 
бір өлшемнің күрсауына күшпен сәйкес келтіретін күдіреттей сипат 
алады. Мысалы, мемлекеттің озі де, оның зандары да адамдарга 
бейімделудің орнына оларды өзіне бейімдейтін күш болуға үмтыла- 
ды. Бүл, әсіресе, тоталитарлық қоғамдарда солай. Ежелгі гректердің 
мифтеріндегі Прокруст дейтін дәудің маңынан өткен жолаушыларды 
үстап, керуетіне жаткызыи, аяқтары одан үзын шыгып жатса, ар- 
тығын кесіп тастап, ал одан қысқа келсе, тартып, созып сәйкес 
келтіргені сиякты. Адамға қүрсау болған олшемдерді сол кезден бас- 
тап “ Прокрустың ложасы” деп атап кеткен.
Күнделікті қатынастарда, істерде адамдар рухани күбылыстар- 
ды, заттар мен бүйымдарды жасауда, қабылдауда, қолдануда оларды ң 
ішкі өлшемділігін көбінесе үйлесімділік түрінде сезінуді үйренеді. 
Адамгершілік қатынастарда, мысалы, жақсылыктың, қайырымды- 
лықтың т. т. шегі жок деп ойлауга болмайды. Олар белгілі бір шегінен 
асып кетсе, қарама-қарсы қылыққа, не қасиетке үласуы мүмкін. Эс- 
тетикалык катынастарда да солай. Бүлар жөнінде этика, эстетика са- 
лаларында нақтырак айтылуы тиіс. Жалпы рухани дүниедегі үш түрлі 
қатынастардың: танымның эстетиканың, этиканың бір-бірімен са- 
бақтастығын жойып алыи, алаңсыз дербес салалар болып кетсе, онда 
ақиқат, көркемдік, ізгілік бір-бірінен ажырап қалады. Ал ажыраудың 
нәтижесі - оларға тән ортақ өлшемдік, үйлесімділік жоғалады. Сол 
себептен олар бір-бірінен алшақтақтаған дүниеде (біздің дүниемізде 
де коп жағдайда солай) акиқат болган нәрсе міндетті түрде көркемдік 
емес, ал көркемдік нәрсе міндетті түрде жақсылық емес. Ал дүрыс- 
тығында олар негізінде бірнәрсенің әртүрлі қырлары ғана.
Осыған орай ескеретін норсе табиғат дүниесінен адамдар дүни- 
есінің тағы бір үлкен айырмашылыгы. Копшілікке ортақ, көпшілікке 
тән, оларға үйреншікті олшем барлык уақытта ақиқат олшем бола 
бермейді. Адамдардың субъект ретінде даму деңгейі қашанда әртүрлі. 
Жеке адамдар, кейбір түлгалар осындай даму жагынан көпшіліктен 
ілгерілеп кетіп жатады. Олар адамдык, түлгалық дамудың жаңа 
орістерін, соны жолдарын айқындап, оздері сол жаңа болмыстарын- 
да омір кешетіні болады. Олар басқа адамдармен осы өздері ашкан 
және оздеріне тән еткен олшеммен қатынас жасайтыны түсінікті. Ал 
бүл жаңа өлшем, адамдыкты басқаша өлшеу, оны басқа қасиеттерден 
кору, әрине, копшілікке түсініксіз. Замандастарының көпшілігі оны
168


өздеріне жат, тіпті қауіпті нәрседей қабылдауы хақ. Бүл, әрине, адам- 
дықтың бір басқаша, бірақ, сонымен бірге ақиқат өлшемі болса.
Сонымен бірге қоғамдағы өр адамның алатын орны оның өзінін 
шын мүмкіндіктерімен өлшенбей, адамдыққа жат мүдделердің үстемдік 
қүрған кездерінде адамдардың копш ілігінің коңіл күйінде жеке 
түлғаның, әсіресе рухани жасампаздық жағынан алғандағы түлғаның 
үздіктігіне деген жауығу пайда болатыны да бар. Бүл қатардағы адам- 
ның әркайсысының озін субъект емес, объект деп сезінуінің корінісі. 
Ал объектіяер, яғни тек сыртқы бір ыкпалдың күшімен ғана козғалысқа 
келетін нэрселер, жалпы алғанда бірдей болуға тиіс. Олардың біреуін 
барлык уакытта екіншісімен ауыстыра салуға болады. Ал үздік түлғаны 
басқа ешнәрсемен ауыстыра алмайсың. Оның өлшемі біреу-ақ.
Адамдар дүниесінде қазіргі заманда барлығына жалғыз бір-ак 
олшем бола алмайды және оны, әсіресе, “орташа” адамның олшемі 
деп караса. Сондыктан әркімнің белсенділігі және оның мүддесі 
басқалардың мүддесіне зиян келтірмейтін дәрежеде орныктырылған 
нормалардың шеңберінде әркімнің өзінше дамуына жол ашық болуы 
тиіс. Жеке адамға көпшіліктің үстанған нормаларын күшпен таңу 
әділетсіздік. Өйткені кейбір жағдайларда жеке түлғаның өлшемі 
мазмүны жағынан көпшіліктің нормасына қарағанда шексіздік бо­
лып түрады, яғни бүкіл адамзаттың дамуының үлгісі бола алады. Та­
рихта ол жөнінде мысалдар жеткілікті. Мен данамын деп жүрген- 
дердің борін де әшкерелеп, дана емес екендігін корсетіп берген Со­
крат Афинадағы коп адамдарга үнамай, акырсында оны соттап, у 
ішуге үйғарғаны белгілі23. Өз ортасында кезінде ең озық ойшылдар- 
дың бірі болған Абайдың да замандастарының көпшілігінен түсіністік 
таба алмағаны мәлім. Тіпті өзіне ең жақын, оны бағалай білді дейтін 
кісілердің өздері де оның ойының коп жақтарына өрісі жете алған 
жоқ. Өзін қолдайтын адамдардың ортасында жүрген күннің өзінде де 
ондай ойшылдардың жалғыздықты сезінетіні сондықтан.
Бүлардан шыгатын қортынды: бөтен, озгеше, жат көрінетін 
көзқарастарга, өлшемдерге адамдарда төзімділік кажет. Адамдардың 
саналуан өлшемдермен тіршілік етуіне күқылары бар, тек олар оз 
өлшемдерін бір-біріне күштеп қабылдатудан бас тартуы керек. Он- 
сыз адамдар арасында толастамайтын мәңгілік согыс бола береді. 
Адамзаттың бүкіл откен тарихы осылай болып келді жэне солай бо­
лып отыр.
23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет