Хабар - ақпаратты кӛрсету, беру формасы болып саналатын, түпкі алфавит
символдарының жиынтығы.
Мысалы, атқарымның ӛзгеру сипаты туралы ақпарат. Хабар -қисыққа жататын
нүктелер координатының жиынтығы. Немесе: хабар - атқарымның талдамалық
кӛрсетілуі және аргумент мәні.
Егер {и} хабарлардың жиыны дискреттік хабарлар санаттарына тиесілі болса,
онда ол түпкі болып саналады; мұнда символдар мен орындарының түпкі санынан
тұратын N мүмкін хабарлар санын санау қиындық туғызбайды.
Символ - бұл бір-бірінен ӛзгеше мәндердің кейбір түпкі жиынының элементі.
Символдың табиғаты кез келген болуы мүмкін: қимыл, сурет, әріп, бағдаршам
дабылы, белгілі бір дыбыс және т.б. Таңбаның табиғаты хабар тасушысымен және
хабардағы ақпараттың кӛрсетілу формасымен анықталады.
Қолдану тәртібі белгіленген символдар жиыны алфавит деп аталады. Дискреттік
хабарлардың аталған жиынының алфавиті m символдардан, ал хабарлардың
разрядтылыәы - n орыннан тұрады деп алайық және осылай деп ойлап кӛрелік. Егер
біздің хабарлар жиынымыз m алфавитке және n=1 разрядтылыққа ие болса (яғни, осы
жиынның әрбір хабары бір орыннан тұрады), онда осы жиыннан жорамалдап
таңдалған хабар, хабарда жалғыз орынды алып, m алфавиттің бір символынан тұратын
болады. Барлығы m осындай бір орындық хабарлар болатындығы анық. Егер жиыны m
алфавитке және n=2 разрядтылыққа ие болса, онда осы жиынның әрбір хабары екі
орынға ие болады, демек осы жиындағы мүмкін болатын хабарлардың саны
N=m *m =m
2
болады.
Жалпы жағдайда, {u} жиынының хабары m алфавитке және n разрядтылыққа ие
болған кезде, алфавиттің әрбір m символдарының кез келген n орынды болу
ықтималдығы бірдей болады және мынаны аламыз:
N = m
n
.
(9.1)
Бұл {u} жиындағы мүмкін хабарлар саны.
Үзіліссіз алфавитті жиын үшін мүмкін хабарлардың саны аса шексіз. Осы
шамаларды кванттау жолымен кез келген үзіліссіз атқарымды разрядтардың түпкі
саны мен символдардың түпкі алфавиті түрінде беруге болады. Осылайша, үзіліссіз
алфавитті дискреттік алфавитке келтіруге және бұл жағдайда бүкіл мүмкін
хабарларды санауға болады.
Арақатынас (9.1) ақпараттың сыйымдылықты немесе m символдар алфавиті мен
n орынды разрядты пайдаланылатын, беруге, жіберуге немесе ӛзінде сақтауға