ҰСТАЗҒА КӨМЕК Ғалым-әдіскер дауыссыздарды оқытқанда
оқытушының бірнеше қиындықтарға ұшырап,
оқушылардың орфографиялық, орфоэпиялық
қателіктерге жол берулері жайлы айта
кетеді. Ондай қателіктерді жібермеу үшін
Әбдірахман Исабаев «Қазақ тілі дыбыс
жүйесі методикасының негіздері» атты
еңбегінде «Саусақты жұтқыншаққа тигізіп
б, в дыбыстарын айтуды» ұсынады. Сонда
дауыс шымылдығының аздап дірілдейтіндігі
байқалады. Сол сияқты «құлақты саусақпен
бітеп б, в дыбыстарын айтқанда» жаңғырық
естілгенін байқауға болады. Сондай-ақ,
«алақанның сыртын тосып дыбыстағанда»
іштен шыққан ауа қарқынсыз, солғын болады.
Соңында «ауызға алақанның сыртын тосып» п,
ф, т, дыбыстарын айтқанда, іштен шыққан ауа
лебі қарқынды шығатындығын салыстырады»
[11] - деген пікірлерін ұсынады. Исабаевтың
жүргізген тәжірибесінің нәтижесі оқушының
дыбыстарды ажыратуына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, сабақтың да қызықты
өтуіне, оқушының білімді саналы игеріп,
дағдылануына да мүмкіндік береді. Міне,
осындай тәсілдерге байланысты А.Әбілқаев
фонетиканы дыбыстың физиологиялық,
акустикалық, қызметі жағынан қарастырып,
сабақ барысында осы дыбыстың үш жағын
білім алушыға түсіндіргенде ғана, тиісті әдіс-
тәсілдерді қолданғанда ғана оның сауатты
жазуына, сауатты сөйлеуіне, білімді саналы
қабылдауына қол жеткізуге болатынын
айтқысы келген.
Қорыта келгенде, қазақтың арасынан
шыққан әдіскер-ғалымдарымыздың еңбектері
әлі де болса құнды болып отыр. Себебі,
олардың зерттеген, қолданып ұсынған
әдістері мен тәсілдері – қазіргі кездегі жаңа
туындылардың, яғни жаңа әдістердің іргетасы,
сүйеніші.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына
Жолдауы», 16 ақпан 2005. – 3.5. тармақ.
2. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы, 1-том, Алматы, «Қазақ энциклопедиясының» бас
редакциясы, 1998. – 720 б.
3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Құраст. Ғ. Қалиев, С. Бизақов, О. Нақысбеков т.б., 2-том,
Алматы, Арыс баспасы, 2006. – 744 б.
4. Байтұрсынов А.Тіл жұмсар. Алматы, Ана тілі, 1992. – 448 б.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, Ана тілі, 1992. – 421б.
6. Жиенбаев С. Қазақ тілінің методикасы: орта мектеп оқушыларына және педагогикалық
училище студенттеріне көмекші құрал. Алматы, Қазақстанның Біріккен Мемлекет баспасы,
1946. – 112 б.
7. Жиенбаев С. Қазақ тілі: педучилищеде сырттан оқушыларға арналған программа мен
тапсырмалар, – Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1941. – 32 б.
8. Бегалиев Ғ. Әріп, дыбыс, буын. – Қазақстан баспасы, 1935. – 23 б.
9. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. (І бөлім, фонетика мен
морфология). – Алматы, Казақ мемлекеттік оқу-педагогикалық баспа, 1995. – 110 б.
10. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, Мектеп баспасы.
1965. – 248 б.
11. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (Оқу құралы) – Алматы, Санат баспасы, 1995.
– 120 б.