ҰСТАЗҒА КӨМЕК ұғымдарды жүйелі беруге, баланың ойын
жетілдіруге мүмкіндік береді дейді, дегенмен
үнемі қолдануға болмайтынын да атап
өтеді. Сонымен бірге, жаңа сабақты өту
барысында, оны бекіту барысында тексеру,
байқау әдісін қолдануды ұсынады. Тексеру
әдісін ұсынады, яғни оқушыларды ойландыру
үшін тексеруді мұғалім ғана емес оқушылар
да жүргізуін, сол арқылы оқушының ұғу
деңгейінің жоғарылауын атап айтады. Бекіту
барысындағы талдауда байқау әдісін қолдануды
ұсынады, яғни мұғалімнің басшылығында
берілген талдаудың нәтижесі мұғалім айтпай-
ақ байқалып тұратын болса, онда бұл сабақ
өз мақсатына жеткені деп береді. Әдіскер
салыстыру әдісін пайдалану оқушы санасында
екі түрлі ұғымды толық анализдеп, екеуінің
бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын
анықтауына, оны егжей-тегжейлі түсінуіне
мүмкіндік беретінін айтып өтеді.
С.Жиенбаев әдістің догматикалық, бақылау,
тексеру сияқты үш түрін айта отырып [7],
догматизм әдісіне ерекше тоқталып өтеді.
Догматизм (гр. догма – шариғаттың заңдары)
– тексеру арқылы жаттату яғни құбылыстың
мән-жайын, қызметін түсіндірмей, тек қана
атап көрсету. Мысалы, н, ң дыбыстарын жазып
көрсетіп, олардың жасалу жолдарына мүлдем
тоқтамай тек жазылуы мен дыбыстап айтып
жаттау түрінде бала санасына енгізу. Мұндай
жағдайда бала бұл дыбыстарды бір-бірінен
ажырата алмай қалады. Сонымен бірге ғалым
догматизм әдісін қолданғанда баланың ойлау
қабілеті жетілмей қалатынын айтады.
Әдіскер-ғалым С.Жиенбаевтың пікірінше:
«Мысалы, орыс тілінде пәлендей жалғау, жіктеу
түрлері бар екенін...оқыған баланың жалпы
біліміне қаншалық пайда әкеледі? Ал енді
грамматика оқытуды практикалық дағдыларға
(дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу, дұрыс жазуға үйрету
жөніндегі дағдыларға) байланыстыра алсақ,
онда мәселе мүлде басқашаға айналады» [6].
Жиенбаев практикалық оқытудың рөлі зор
екенін айта отырып, оқытудың ғылымдық
рөлін күшейтуді ұсынады. Себебі, ғылым
негіздерін алған адам толық сауатты болады
дейді. Демек, фонетиканы оқытуда ғылыми
білім балаға дұрыс сөйлеуге, дұрыс оқуға,
дұрыс жазуға жол ашады. Ал бұл өз кезегінде
оқушының тіл байлығын көбейтуіне септігін
тигізіп, сауатты болуына мүмкіндік береді.
Ғали Бегалиевтің 1935-1940 жылдары
«Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы»,
«Әріп, дыбыс, буын» атты еңбектері жарық
көреді. 1935 жылдары қазақ тілін оқытуда
еңбек сіңірген Ғ.Бегалиевтің пікірінше «Әр
істің де тәсілі, әдісі бар. Бұл әсіресе оқыту ісіне
керек». Сонымен бірге, ғалым жат жазудың
догматикалық түрін емес, өзгеше түрін
ұсынады. «Жазуға үйрету әдісі: жат жаздырып
үйрету 1) оқылған мақаланың мазмұнын
қысқа-қысқа сөйлемдермен оқытушы тақтаға
жазады; 2) әр сөйлемді талқылатады, жазуы
қиын сөздерді жеке талқылатады; 3) талқылап
болғаннан кейін оқушылар әлгі сөйлемді,
ондағы сөздерді тағы бір рет қарап шығады; 4)
сосын жаңағы сөйлемнің бірнешеуін өшіріп,
қайтадан түгендеп жазып шығыңдар дейді
оқытушы. Оқушылар дағдыланғаннан кейін,
сөйлемді толығымен өшіріп, қайта жаздыру
керек». Бұл жат жазу әдісін өзгеше формада
фонетикалық бірліктерді үйрету кезінде
қолдану өте қолайлы. [8].
Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың 1921
жылы Ташкентте «Үлкендер үшін әліппе»
(авт.бірі), 1952 жылы Ташкентте «Жаздырып
үйретудің әдістері», «С.Қ». 1935 жылғы 14
қаңтар айының № 12 басылымында «Түрліше
жазылатын бір мәнді сөздер туралы»,
1936 жылы «Тіл мәселелері», Алматыда
«Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын
орындары», 1956-1959 жылдары «Қазақ тілі
методикасының кейбір мәселелері» (І бөлім,
фонетика мен морфология) атты ғылыми-
әдістемелік еңбектері жарық көреді.
Ш.Х.Сарыбаев «Қазақ тілі методикасының
кейбір мәселелері» (І бөлім, фонетика мен
морфология) атты еңбегінде фонетиканы
оқытуға ерекше мән береді. Ғалым дыбыстау
мүшелерін оқыту, дыбыстарды оқыту
жолдарымен, дауысты және дауыссыздардың
бір-бірінен айыра таныту жолдарымен,
дауыстылардың алтыға бөлінуін оқыту
жолдарымен таныстыра отырып, схемамен