ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ да тәрбие мәселелері болып табылады.
Шәкәрімнің қалдырған педагогикалық ойла-
рындағы адамның рухани-адамгершілік мәсе-
лелерін қамтыған шығармаларын атай кетер
болсақ: «Үш анық», «Тіршілік, жан туралы»,
«Тумақ, өлмек тағдырдың шын қазынасы»,
«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр», «Адам
немене», «Тәңірі мен жан», «Анық пен танық»,
«Жан мен дене һәм көңіл» өлеңдері және
«Тау басындағы ой» циклды өлеңдер жинағы
[11]. Бұл шығармаларында ойшыл ақын жан
мен тән, ақыл-ойлылық пен материалдық
құндылықтар арақатынасы, адам рухының,
адамгершілігінің, танымының қалыптасу
жол дары, адамның өмірі мен оны қоршаған
әлемнің құрылымы сияқты педагогикалық,
философиялық мәселелер айқын көрініп
тұр ған мәңгілік сұрақтарды қарастырады.
Ғылым мен білімнің мақсаты – ақиқат деп
білетін ойшыл дін мен оның догматтарына
өзіндік көзқараспен қарайды. Өзі өмір сүр-
ген әлеуметтік орта үшін (ХІХ ғасырдың
екінші жартысы) ақынның адам мен табиғат
қатынастары, рухты танудағы адам танымының
шегі мен күші жайлы ойлары, діни шарттарға
деген сыни көзқарастары, адамзат ақыл-
ойының болмысты, тіпті жаратушыны танып-
білу құқығын қорғауы өте батыл қадам болды.
Абайдың дарынды шәкірті адамның рухани-
адамгершілік әлемі туралы ойларын тереңдете
отырып, олардың жаңа жағдайлардағы мәні
мен маңызын жан-жақты ашып, бұл бағыттағы
білімін одан әрі дамытты. Шәкәрімнің түсі ні-
гін ше – «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді,
ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі
тіршілік бар... Екі өмірге де керекті іс –
ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділеттілік,
мейірлілік, адамгершіліктің жоғарғы шыңы»
[12]. Ол бірінші кезекте адамгершілік және
эстетикалық құндылықтарды анықтауды,
көр сете білуді алдыға мақсат етіп қойды.
Шәкәрім нің адамгершіліктің жоғарғы шыңына
ұжданды орналастыруының өзіндік мәні бар –
ол халықты білім алуға, өнер-ғылым үйренуге,
замана көшінен қалмауға шақыра отырып,
алдыға шығу деген тек қана прагматизмге бой
ұру емес екендігін, ең бастысы көрінгенге көз
сүзбей, ешкімге тәуелді болмай өмір сүруге
үйретуді, тұрмыс пен білім арасындағы
дүние парызын пайымдап, ұждан тазалығына
жету, оны сақтау мен жетілдіру жолдарын
көрсетуді мақсат тұтады. Оқу мен ғылымды
игеру адамды теориялық білім, практикалық
білік және дағдымен қаруландырса, ұждан
осыларға рухани-адамгершілік мазмұн және
сипат береді. Ойшылдың айтпағы ұлы ұстаз
Әл-Фарабидің – «Тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы» деген пікірімен үндес,
дүниенің қиыны мен қауіптілері ұждансыз
білімділер мен ғалымдар. Ұждансыз адамдар
меңгерген білімін адамдарға үстемдік жүр-
гізу үшін, оларды қорқытып-үркіту үшін
қолданады. Бұл тіпті адамдарға ғана емес,
тұтас мемлекеттерге де тән екендігін заманауи
халықаралық жағдай көрсетіп отыр[13].
Қоғамдағы әлеуметтік-мәдени ахуал өз
бойы на әлеуметтік және рухани құбылыс тар-
дың бүкіл сан-алуан белгілерін жинақтайды.
Оның мазмұнының жүйе ретінде қалыптасуына
қоғамда басымдылыққа ие болып отырған
өзек ті құндылықтар өз ықпалын тигізеді.
Сөйтіп, тұлғаның өзіндік құндылықтар жүйесі
мен құндылық бағдарларында көрініс табатын,
адамның адами және әлемдік құндылықтарға
деген көзқарасы әлемге деген тұтас көзқара-
сының ажырамас бөлігіне айналады.