ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ту ын даған батырлық пен ерліктің алтын
шежіресі «Есенгелді би» романына жасаған
талдауымызды қорытар болсақ, бұл шығарма
негізінен тарихи деректермен жасақталған.
Ал сол деректер арқылы жазушы осындай
сүбелі туындыны сәтті жазып шығып, ежелгі
бабаларымыз кешкен тауқыметті тағдырмен
алуан түрлі мәліметтерді алдымызға жайып
салады. Жазушының мұндағы мақсаты –
кейінгілер ежелгі ата-бабаларымыздың өмір
сүрген дәуірін, жауға, дауға түскен ерен
қайсарлықтарын жадында сақтаса екен деген
шынайы тілек, риясыз арман. «Есенгелді би»
романы қазақ прозасындағы қазіргі таңдағы
тарихи романдар қатарынан ойып орын алған,
осы жанрдың өркендеуіне өзіндік үлесін
қосқан шығарма. Шығарманың мазмұндық,
көркемдік деңгейі бұрын жазылған тарихи
романдардың ешқайсынан да кем түспейді.
Романның жетістігі – бас кейіпкер Есен-
гелді образын сомдай алғандығында. Есенгел-
ді нің бір рудың ғана батыры, шешені емес,
күллі Алаштың айбынды батыры екенін
оқыр ман санасына жеткізу арқылы, «ақ
білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен»
елін, жерін қорғаған ұлы бабалар рухын көңіл
көкжиегімізде сақтап, қан мен тер арқылы
қолға келген бабалар аманатын орындауға
насихаттау болмақ. Қорыта айтқанда, аталмыш
романның тарихи оқиғалардан хабар бере
отырып, бүгінгі жастарға берерлік тәрбиелік
мәні мен маңызы мол екендігін анықтадық.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. «Уақыт ырғағы » Ж. Ақмади, Алматы, Тамыр баспасы, 2008жыл,191бет.
2. «Әдебиет айдыны » Т. Сәукетай, 14 маусым, 2007 жыл.
3. «Есенгелді би» Ж. Ақмади, Алматы, Ана тілі баспасы, 2004жыл, 379 бет.
«Елдіктіңөзегі–білік, кілті–тіл, қадір-қасиеті–кісілік» ЖүсіпБаласағұн.