ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ шапқан күні қасқыр тиген қоралы қойдай
тозатынын біле бер. Ат – мінгендікі, үй – кір-
ген дікі, дүние-мүлкің – жаудыкі болатынын
ойлай бер. Бейбіт күн болса ғой, кедей тамағым
деп, бай қабағым деп, бір күнін өткізіп қартаяр
еді. Ал мынадай ер төсектен, жар бесіктен
безінген кер заманда, ел ағасы, қайтып бұғып
жатасың?!» [4, 8-9].
Қазіргідей соты жоқ заманда ел ішіндегі
алуан түрлі жер дауы, жесір дауы, құн дауы, екі
ел арасындағы үлкенді-кішілі жаңжалдарды
сол кездегі билер екі ауыз сөзбен шешім етіп,
батыл кесім жасап отырғаны белгілі. Халқымыз
тарихында елдің елдігін, теңдігін, береке-
бірлігін арман етіп, жұртты адамгершілікке,
бостандыққа, қуанышқа бірге жетуге шақы-
рып, туған елінің тамырлы тарихында
егей орын алған заманындағы үлкен қоғам
қайраткерлері болған, қара қылды қақ жарған
шешен де көсем билер образы шығарманың
басында өте сәтті көрнектіленген.
Автордың тіл қолдану, тарихи деректерді
орнына қолдану арқылы шығарма тудыру
сынды көптеген ерекше тұстары осы арадан
байқалады. Халқына жаны ашыған арда
билердің аузынан берілген рухты сөздер оқып
отырған адамды еріксіз сол дәуірге апарады.
Төле би айтты делінген қанатты сөздерді
құдды Төле бидың өз аузынан естіп тұрғандай
әсерде боласыз. Міне, жазушының дәуір мен
дәуір арасын ой орамымен тіл шұрайлылығы
арқылы тұтастыра алуы осыдан көрініп тұр.
Бұнымен қоса, шығарма барысында
автордың ой-санасында пісіп-жетілген дәуір
шындығы да өз орнында берілген. Бас кейіпкер
Есенгелдімен бірге дәуір тұлғалары ретінде
хан Абылай, Төле би, қаз дауысты Қазыбек,
қара керей Қабанбай, Бөгенбай батыр, Ақсуат
би, Малайсары, Наурызбай батыр, Хангелді,
Керей Жәнібек, Шеру Әлет батыр қатарлы
ұлт ардақтылары да жарқын образ ретінде
шығармада өзіндік тиесілі орын алған.
Шығармада ханның образы, бидың образы,
батырдың образы және қарапайым халықтың
образы өз орнымен берілген. Тарихи оқиғалар,
тарихи тұлғалар, тарихи кезеңдерде кісі
сенерлік қалыпта, ешқандай дерексіз дүниелер
көзге шалынбайды. Автор материял сұрыптап,
тарихи шындықты көркем шындыққа айнал-
дыру әдісін ұтымды пайдаланып, деректер
мен аңыздарды ұштастырып, кейіпкерлерді
типтендірудің озық үлгісін жарата білген.
Тарихи кейіпкерлер мен қосымша кейіпкерлер
арасындағы қарым-қатынасты дұрыс икем-
дестіріп, оқырманды шынайылыққа жетелеуге
құлшыныс танытқан.
Шығарманың тағы бір сүйінерлік тұсы –
Есенгелдінің батырлығынан өзге шешендігі
досын да, дұшпанын да қызықтырған. Ерлікке
пара-пар жағдайлардың шығармада айқын
көрініс алуы – Жанат Ақмади шығармаларының
ең басты ерекшеліктерінің бірі. Жүйрік
қаламынан туындаған туындылардың барлы-
ғы дерліктей нақты деректерден тамыр тартып,
нәр алғаны белгілі.
Шешендік нақылдар сайын дала төсінде
ғибратты ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың
өмір тәжірибесінің алтын арқауы. Інжу-
маржанды ғибратты сөз сөйлеу әуелгі баба ла-
рымыздың ата дәстүріне айналған. Сол арқылы
халқымыздың ой иірімін, теңіздей терең
даналығын, ақыл-ой дариясының қаншалықты
тереңде жатқанын аңғара аламыз. Нақыл
сөздерді шығармасында көбірек пайдалану
Жанат Ақмадидың жазу өнерінің даралығын
сипаттап қана қоймай, ол кісінің халықтық
тіл байлығынан терең сусындағанынан дерек
береді. Шығармада автор дәуір, уақыт, тұлға
негіздеріне қарай көптеген нақыл сөздерді
орынды қолдана алған. Сөзімізге дәлел ретінде
мысал келтіріп көрейік: «қойнына кірген киікті
қарақшы да атпас болар», «қайық ұрлағанды
қырдан іздеген», «қолмен істелген іс тілмен
шешілмейді», «қатты тістен жұмсақ тіл ұзақ
жасайды», «ұнамайтын келіннің ұлдары да
сүйкімсіз», «ақырын сөйлегеннің амалы көп»,
«есуас елші екі елді араздастырады», «тәуір
болған сырқат тәуібін ұмытады» деген секілді
шынайы өмірден алынған сөз маржандары
шығармаға көрік беріп, көркемдік ерекшелігін
биіктете түседі. Бұл шығарманы оқыған
оқырман қазақ тілінің терең мұхитына
сүңгігендей күй кешеді.
Сонымен, Жанат Ақмади қаламынан