№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет76/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
лы на, сауырына таңба басатын болған. Қазақ-
тар жылқы малын қастерлейтіндіктен жүйрік 
аттарына көп таңба баспайды. Кейде жылқыны 
тай кезінен таңбалайды. Тайдың жүні, түгі 
қыс қа таңба айқын түседі. Содан қазақта «тай-
ға таңба басқандай» деген тұрақты тіркес 
қал ған [8, 640]. Екінші­ бір­ тақтада­ жыл­
сайын­мемлекетке­өткізілетін­ет,­сүт,­жүн,­
жұмыртқа,­ астық­ мөлшері­ көрсетіліпті.­
Бәрі­де­тайға­таңба­басқандай,­сайрап­тұр­
(«Сәйгүліктер»,­230­б).­Тайға­таңба­басқандай 
өте анық, белгілі деген мағынаны білдіреді.
Қазақтың әр шаңырағынан табылатын, 
батырдың қаруы, әрі атты басқару құралының 
бірі – қамшы. Бұл бүкіл түркі халықтарына 
ортақ сөз. Ә.Нұрмағамбетов қамшы сөзі 
атау болудан бұрын етістік қызметін 
атқарғандығын айтады. Мұны чуваш, тува 
сияқты тілдердің дерегімен дәлелдейді. Чуваш 
тілінде «хамсар» біздегі «сермеу», «кезену» 
мағыналарын берсе, тува тілінде «ұру, соғу» 
– «кымчылар» делінеді екен. Яғни қамшы сөзі 
бірте-бірте өзінің алғашқы «сермеу», «кезену» 
мағыналарынан айырылып, біздің тілімізде 
атау болып қалыптасқанын айтады [8, 58]. 
Ал Н.Уәлиевтің зерттеу мақаласында қамшы­
сөзіне мынадай жан-жақты түсінік беріледі: 
«Сырт қарағанда, қамшы сөзі түбір мен 
қосымшадан тұратындығы байқала бермейді. 
Шындығында, бұл сөздің түбірі қам, ал -шы 
малшы, егінші тәрізді сөздерде кездесетін 
қосымша. Әрине қазіргі қазақ тілінде қам түбірі 
жеке қолданылмайды. Ал орта ғасыр түркі 
тілдерінде, сондай-ақ, қазіргі туыстас тілдердің 
кейбірінде (тува, тофалар, алтай, сары ұйғыр, 
хакас т.б.) қам «бақсы» дегенді білдіреді. 
Қарайым тілінде де қамшы сөзі «шаман» 
мағынасында жұмсалады. Бұл салыстырудан 
басқа мағынасын білдіретін сөздің бірде 
қам, бірде қамшы түрінде айтылатындығын 
байқаймыз. Қазақтарда қамшы сөзі әуел 
баста «бақсы, шаман» мағынасында жұмсала 
келе, екінші бір заттың атауына көшкен. Бұл, 
әрине кездейсоқ емес. Оған себеп байырғы 
кезде қамдар немесе қамшылар (қазіргіше, 
бақсылар) қолдарына көбіне шыбыртқы 
алып ойнайтын болған. Оны қамның немесе 
қамшының шыбыртқысы деп атаған. Бірте-
бірте қамшы сөзі әрі «бақсы», әрі «шыбыртқы» 
мағынасында қолданыла басталып, уақыт өте 
келе кейбір түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ 
тілінде, қамшының бастапқы мағынасының 
ұмыт бола бастауын парсы тілінен енген 
бақсы сөзі жеделдете түскендігін» айтады 
[9, 23]. Ал Г.Смағұлова: «Қамшы – ұлттық 
мәдени лексика, құралдың атауы. Ұлттық 
мәдени сөздерге жататын себебі қазақтардың 
бұрынғы тұрмыс-тіршілігінде қамшының ор-
ны мен рөлі ерекше. Оның қайыс таспадан 
өрілген түрлері, жасалу жолдары, сабының 
сапасы сияқты өзгешеліктері тек қазақ 
мәдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде атты 
қамшылау үшін пайдаланады. Демек, малды 
әрдайым қозғалуға, тез жүруге итермелейтін, 
түртетін нәрсе, зат атауы – қамшы. Ал қимыл-
дың аты – қамшы­ салу,­ қамшы­ болу. Келе-
келе затты немесе құбылысты танудың қо-
ры тын дысы салыстырмалы түрде ұқсас 
құбылыстың атауына көшкен. Қазақ тілінде 
қамшы­ салдырмау:­ қамшы тигізбей жүріп 
отыру дегенді білдіреді» [2, 33] - дейді. Бұл­
кезде­ Ақжан­ сөз­ төркінін­ әдейі­ өзгертіп,­
Көмековтен­ совхоздың­ бүгінгі­ жай-күйін­
сұрастыра­ бастаған.­ Обалы­ кәнеки,­
директор­ шаруашылық­ жөніне­ келгенде­
қамшы­ салдырар­ емес­ («Атамекен»,­ 200­
б).­ Әлде­ Құмардың­ сөзі­ қамшы­ болды­ ма,­
ол­ ойымның­ қате­ екендігіне­ көзім­ енді­ ғана­
жете­бастағандай­(«Атамекен»,­231­б).
Төрт түлік атаулары – қой, жылқы, сиыр, 
түйенің ішінде ең жиі қолданылатыны – қой 
малы. Қой малы ірі қарадай емес, көптігімен, 
жұмсайтын қажеттілігіне байланысты бағалан-
ған. Қайда айдаса жүре беретін жуастығы мен 
момындығы адамның іс-әрекеті мен мінез 
құлқын сипаттауға негіз болған. Мысалы, 
жуастығы­қойдай,­қойдан­қоңыр,­қой­мінез,­
қой­аузынан­шөп­алмас,­қой­үстінде­бозторғай­
жұмыртқалаған­ кез­ сияқты бейнеліліктің 
иесі. –­ Енді­ қайтесің,­ қой­ аузынан­ шөп­
алмас­ кешегі­ көшпенділер­ ғой,­ -­ деді­ Ақжан­
сәл­ ойланып.­ ­ («Атамекен»,­ 168­ б).­ Жаңа­
өкіметтің­қойдан­қоңыр­мінезі­осы­бітімшіл­
көңілге­ сай­ келе­ кетті...­ («Соңғы­ көш»).­


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет