ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ жақ сы үйретілген үй жануарларының сыртқы
кескінін, мінез-құлқын, қылықтарын сырт
көз бен қарап, бейнелі түрде салыстыру негі-
зін де жасалған. Бір жағынан, жануарлар әле-
міне, екінші жағынан, адамдардың қоғам да-
ғы өзара қарым-қатынасына және олардың
әр түрлі тіршілік жағдайларындағы мінез-құ-
лық тарына бақылау жасау негізінде алын-
ған бұл ассоциативтік параллельдерден фра-
зеологизмдер қалыптастырудың бейнелі ая-
лық негізі және олардың мағынасын өзгерту
және ауыстыру уәждері ретінде қызмет атқа-
ратын біраз ортақтықты және ұқсастықты
таба аламыз [1, 55]. Мәселен, қазақ тілінде
ғана кездесетін «адам жылқы мінезді» тіркесі
адамды жағымды жағынан сипаттайды.
Жылқы мінездес адамдар қойға, қасқыр текті жігіттер қоянға айналып барады («Соңғыкөш»,399).Бұл жерде көнбістігімен
ерекшеленетін адам сөз болып тұр. Жылқыға
тән бұл қасиетті көшпелілер жақсы зерделеп,
ұғына отырып, оны ең абзал қасиет ретінде
адамның бойына ауыстырады.
Жылқы адамдардың тұрмысын жеңілдететін
көлік әрі жұмыс күшіне лайық, дүниежүзінің
ешбір тағамына айырбастамайтын еті мен
қазы-қартасы, қымызы қазақ өмірінің мәдени
бөл шегіне айналған. Жалпы қазақ ұлты
жыл қыны қастерлеген. Себебі, аңшылық,
саятшылық, салт-дәстүрмен астарланған
спорт тық ойын түрлері (қыз қуу, теңге алу, ат
жарыс оның түрлері т.б.) және жігіттің жеті
қазынасының бірі болуы, ат сынына қатысты
сөздер мен жасалған тіркестер, қамшыға
қатысты айтылатын танымдық ойлар мен
фразеологизмдер, тіпті адам – жылқымінез- ді деген тұжырым, халықтық өлшемге байла-
нысты тіркестер т.с.c. ерекшеліктер жылқы
малының төңірегіне топтасқан [2, 239].
Ежелгі қазақ тұрмысында жан-жануардың
маңызы жайында Г.Смағұлова: «Қазақтардың
ертедегі көшпелі өмірі мал шаруашылығымен
тығыз байланыста болуы, негізгі кәсібі – төрт
түлік мал өсіруі – олардың әрқашан өз өнерін
жетілдіріп, жаңа әдістерді ойлап, оны дамытып,
өзінің рухани және интеллектуалдық жақтарын
дамытудың кепілі болды. Сондықтан көшпелі
әлемді біртұтас бірлік ретінде қабылдап,
өздерін әлемнің қожайыны емес, құрамдас
бөлігі ретінде сезінді. Малшы қауымының
мақсаты: табиғатқа қарсылық емес, онымен
өз мүддесін үндестіре білу, табиғаттың негізгі
заңдылықтарын түсініп, оған қайшылық
жасамау» [2, 183], - деп, тұжырымдайды.
Ішсе тамақ, кисе киім болған төрт түліктің
кез келген ұлттың күн көрісінде алатын
орны ерекше. Ал оның тұрақты тіркестерді
жасаудағы белсенділігі, әсіресе, қазақ тіліндегі
фразеологизмдерден анық көрінеді. Мысалы,
Сырттайқарағанкісіге,Атахановкем-кетігі жоқ,төрттүлігісай,армансызжанболып көрінуідемүмкінғой(«Атамекен»,29б). Қазақ
ұлтында түйе, жылқы, сиыр, қой түліктері
төрт түлік деп аталады. Мұндағы «төрт» деген
сан есімнің мағынасы түсінікті. Ал «түлік»
сөзінің мағынасын М.Кемелханұлы: «Түлік
атауы хайуандарға, анығырақ айтқанда, қолда
үйретілген үй хайуандарына қатысты. Мұның
өзінің мәндік өлшемі, мазмұндық шегі, ғылы-
ми негізі бар. Бет алды қойыла салған ат
емес», - дей келе, Махмұт Қашқаридің: («Түркі
тілдер сөздігінде» түлік сөзін:Язым (yazim) –
көрпе, төсек; түлүк (түлік) язым (tulig yazim)
– жүнді көрпе. Мұнан «түлік» (түлүк) сөзінің
түркі тілінде жүнді, жүндес деген мағынаны
білдіретіндігін көруге болады. Сонда «төрт
түлік» дегендегі тіркес жүндес, (жүнді, жүні
тығыз) төрт түрлі хайуан деген мағынаны
білдіреді. «Түлік» сөзі хайуандардың жүні-
нің тығыздығына, қалыңдығына, суыққа
шы дам дылығына қарай қойылған атау»
[3, 35], - деп түсіндіреді. Cонымен «түлік»
сөзі халықтың үй хайуандарының тіршілік
жолының ерекшелігіне, табиғат дүниесінің
үйлесімділігіне қарай табылған даналық
ойының көрінісі.
Малдың сүті, жүні, еті, терісі – халықтың
тағамы мен киімі, баспанасы, үй жиһазы,
өмірінің, тіршілігінің негізі. Төрт түлік малдың
болмысын табиғаттан бөлмей, жаратылыс
заңдылықтарымен сабақтастыра бақылап, те-
рең таныған бабаларымыз өз санасында соларға
қатысымды мифті, фәлсафалық, мәдени та-
ным дар мен ұғымдар қалыптастырған [4,