№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет94/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Сабақтың қорытындысы:
Зертте. Оқушылардан Наурыз мерекесі 
туралы әңгімелеп беруді сұраңыз. Олар өз 
отбасында бұл мерекені қалай атап өтетіні 
туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. 
Олардың әңгімесін тойда айтылатын тілектер, 
ұлттық тағам, киіз үй және т.б. туралы 
қосымша ақпаратпен толықтырыңыз. Наурыз 
мерекесінің тарихы туралы қысқаша түсінік 
беріңіз.
Тілдік­ құзыреттілікті­ қалыптастыру.­
Жұмыс дәптеріндегі тапсырма тілдік мақ сат-
ты іске асыруды көздейді. Оқушылар «ана», 
«әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», 
«сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады.
Пәнаралық байланыс:
Өнер. Оқушыларға өз отбасына қатысы бар 
заттардың суретін салуды ұсыныңыз. Олар 
күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және 
т.б. суретін салуы мүмкін. Әр суретке атау 
беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем және 
мен – тату-тәтті отбасымыз», «Отбасымыз – 
қорғанымыз», «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз 
біріміз үшін!», «Әрқашан біргеміз» және т.б.
Акт. Қабілетті оқушыларға өз отбасы 
туралы шағын таныстырылым жасауды 
ұсыныңыз. Онда отбасы мүшелерінің сурет-
терін орналастыруға болады. Оқушылар 
суретке өз шежіре ағашын сала алады.
Жауабын­талап­ету. Жеті күннен кейін.
Қосымша тапсырмалар:
Оқушыларға әшекейлі тізбек көмегімен 
өз отбасын бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушы-
лар түрлі-түсті қағаз жолақшаларына өз 
есімін, анасының, әкесінің, атасының, әже-
сінің, ағасының, әпкесінің есімдерін жазады. 
Әр жолақты сақина етіп бекітеді де барлық 
әшекейлі тізбектерді біріктіреді. Нәтижесінде 
отбасы шежіресі шығады. Әрқайсында 
қайталанбас өз отбасы бар екенін байқайды. 
Оқушылар бір-бірінің әшекейлі тізбектерін 
біріктіре алады. Оқушылардан барлық 
әшекейлі тізбектерді біріктірсе, не болатыны 
туралы тұжырым жасады сұраңыз.
Бағалау:
Оқушылар
– отбасылық дәстүрлер туралы;
– Наурыз мерекесі туралы білді;
– өз отбасы шежіресін жасауды;
– қонақжайлылық ережелерін сақтауды 
үйренді.
«Тату-тәтті­ отбасы» ойыны: Сенің 
анаңның анасы саған кім болады? (Нағашы 
әже). Менің анамның қызы, бірақ мен емес? 
(Әпке, сіңлі). Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің 
әкеңнің ағасы саған кім болады? (Көке). Сенің 
әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет