ҰСТАЗҒА КӨМЕК сарайын танитын адам бола білу керектігін
айтады. Яғни ол мектепке алғаш келген бала-
ның жан-дүниесін, мінез-құлқын жан-жақты
зерттей алатын психолог бола білген жөн.
Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы,
рен жуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі – осы-
лардың бәрі оның әлеуметтік өмір тіршілігіне
байланысты ішкі жан-дүниесі мен мінез-
құлқын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең
табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік
қасиеттер, оның өскен ортасындағы тәлім-
тәрбиенің арқа сын да қалыптасады. Сондық-
тан, балаға қойылатын талап пен сол талап-
ты орындай алу мүмкіншілігі арасында
да көптеген қиындықтар, кедергілер мен
қай шы лықтар кездесетіні белгілі. Ондағы
әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті,
сыпайы мінез-құлықты талап етеді. Ал олар
әлі де мұндай мінез-құлыққа жете қоймаған.
Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған
көптеген қиындықтар кездесетіні анық, міне,
осы қиындықтарды жеңуге көмектесетін мұға-
лім тұлғасы екендігін ғалым нақты айтады.
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін
балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау,
ес, ойлау, қиял өзгешеліктерін, сезім, ерік
жақ тары мен жеке қасиеттерін жақсы білу –
мұғалімге тән нәрсе екенін негіздейді. Сабақ
жоспарын ұсынуда мен осы мәселелерге
көп көңіл бөлдім. Дүниетанымнан сауат-
ты лыққа қарай оқыту тенденциясын басты
назарға алдым. «Отбасы» тақырыбын тү-
сін діре отырып, оларды мәдениеттілікке,
бауырмалдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеуге
тырыстым. Отбасылық дәстүрлердің хал-
қы мыз үшін қаншалықты маңызды екеніне
көздерін жеткіздім. А.Байтұрсынов айт қан-
дай «Нәрсенің затын алмай, атын ғана алып,
құр сөз түрінде үйретуден» аулақ болуға
тырыстым. Мұғалімге артылар жүктің өте
ауыр, әрі маңызды екені айтпаса да түсінікті.
Сол аманат жүгін құлатпау, шәкірттерге сапалы
білім, саналы тәрбие беру – біздің басты
міндетіміз деп білемін. Енді сабақ жоспарына
назар аударайық: