Егер өткен жолы біз мәдениетті адамның болмыста өмір сүру тәсілі деп
анықтаған болсақ, мәдениеттегі ең маңызды құбылыс, ең маңызды үрдіс ол
әрине тілмен байланысты. Тіл және мәдениет мәселелерімен айналысатын
ғылымды
лингвомәдениеттану деп атайды. Себебі, тіл – бұл адамның
құдіреттілігін білдіретін, адамның шыңдығын анықтайтын ең негізгі
құралдардың бірі болып табылады. Егер біз тілдің анықтамаларына өте
қысқаша тоқталатын болсақ, тіл ең бірінші ретте қарым-қатынас құралы,
коммуникациялық феномен болып табылады.
Бүгінгі дәрісіміздің тақырыбы –
«Мәдениет тілі»
Достарыңызбен бөлісу: