жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі.
Нормадан
ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады.
Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері.
Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы
деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз
сәттер үлкен рөл атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы
қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделген түрінде
мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске
асырылған.
Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлғааралық, көпшілік қарым-
қатынастары және әртүрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі
арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде
білім беру жүйесі орасан зор рөл атқарады. Онда өмірге аттап басқан
индивид
тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған
ортаны түсіну және қатынас жасау ұстындарын, нормаларын алады.
Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда
болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.
Мәдениет, негізінен, қарқынды түрде қоршаған ортаны, қоғамды,
адамзаттың өмір сүру салтын өзгеріске ұшырата алады, сондықтан да ол
өмір сүрудің шығармашылық факторы
ретінде және қоғамдық жаңа
өзгерістердің шексіз қайнар көзі ретінде бағаланады. Осыдан мәдениеттің
әлеуетін, оның ішкі байлығын іздеп табуға және оның мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға деген құлшыныс туындайды. Адам баласы мәдениетті
өзінің ішкі әлеуетін жүзеге асыруы мен өзінің жеке ерекшелігін атап
көрсетуінің құралы ретінде қарастыра отырып, мәдениеттің тарихи
үдерістерін және адам баласына позитивті әсер ететін жаңа түпсіз, шексіз
импульстарын көруге болады.
Мәдениет мемлекеттік немесе халықаралық қарым-қатынаста тек
әлеуметтік, ділдік, сана-сезімдік ерекшеліктерді
көрсететін белгі емес,
керісінше, ол саясаттың, экономиканың өркендеуіне және кең етек алуына
«жәрдемдесетін» құрал болып табылады. Осындай пікірді ұстанушы неміс
ғалымы, тарихшы
Д. Гиноу-Хехт былай дейді: «Қырғиқабақ соғыс кезінде
американдық дипломаттар Америка Құрама Штаттары өзінің өмір сүру
салтының артықшылықтарын шет елдерге мәдениет арқылы көрсетуі
қажет деген ұйғарымға келді. Егер Кеңес Одағы коммунизмді экспорттаса,
АҚШ-тың қоғам қайраткерлері мен саяси стратегтері өз елінің бүкіл
Әлемге ықпалын мәдениет арқылы жүргізу әрекеттерін одан сайын
күшейте түсті». Қазіргі уақытта бұл тәсіл болашақты болжап көре алатын
шынайы көрегендердің әрекетін күткен нәтижеге апаратын тәсіл екендігін
көріп отырмыз.
Мәдениет – адамдардың әлеуметтік мінез әрекеттерінің түрі немесе
ерекше формасы. Мәдениеттің пәндік мазмұнын сараптай отырып, Б.
Малиновский мынадай қорытындыға келді: Мәдениет – бұл артефакт
әлемі. Артефакт дегеніміз жасандылық жолмен
жасалған объект немесе
зат. Артефактыны оның мәдени формасынан және материалды негізден
(субстраттан) айыруға болмайды. Ол белгілі бір мәдениет контекстінде
(аяқталған дүние) ғана жасалынады және тіршілік етеді.
1.
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет
этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады.
2.
Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл
нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді,
ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және
жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады.
3.
Мәдениет – бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық
қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан
жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен
мәндер мағынаға қарағанда оның
рәміздік дәнекерлері болып
табылады
Мәдениеттің әлеуметтік рөлін ары қарай анықтар болсақ, оның рөлі зор
екенін байқаймыз. Яғни, мәдениет адам баласын жабайылық пен
тұрпайылыққа, еріншектік пен зұлымдылыққа, менменшілдік пен
жауапкершіліксіздікке жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: