— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет14/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88
Ательені ашудағы алғашқы қадам 
орынжайды іздеу.
Тиімді нұсқасы – 
тапсырыс 
қабылдау
пунктін алушылар көп келетін сауда орталықтарында 
ұйымдастыру.
Келесі қадам тігін жабдықтарын сатып алу.
Тігін ательесіне арналған негізгі жабдықтар - түрлі 
мақсатта қолданылатын тігін машиналары: астарлап 
тігетін, тура тігісті, трикотаж материалдарына 
арналған, тері илеуші, немесе көпфукнционалды 
тігін машинасы мен көпоперациялы тігін 
станогы. Сонымен бірге қажетті заттар: бу генераторы, 
орындықтар, айна, жарық құрылғылары, манекен, 
әкімгердің жұмыс орнына арналған үстел және т.б.
Келесі кезең – персоналды іріктеу. 
Ателье үшін қажетті минималды штат 
– тапсырысты қабылдаушы, сәнгер-дизайнер және 
киім жөндеу және тігу шебері.
Тұрғын ауданда орналасқан ательенің жарнамасы 
ашық әрі көрнекі маңдайшаны орнату және үйлердің 


 — 34 —
кіреберістері мен аялдамаларда хабарландырулар 
жабыстыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. 
Немесе сізге интернет арқылы танымал 
жұлдыздарға жарнама жасатуға да болады. Бірақ бұл 
жарнаманың бағасы да сәйкесінше қымбат болады.
Ательенің табысы келесі қызметтерді ұсынудан 
тұрады: киімді тігу, жөндеу және қайта өңдеу, дайын 
киімдер мен перделерді тігу, басқа да қызмет түрлері.
Бұл кәсіппен үйде отырып та жұмыс жасауға 
болады. Тек үйіңіздің бір бұрышына тігін машинасын 
қойып, үйден қажетті тапсырыстар қабылдап, онлайн 
түрде интернеттен сатып пайда таба аласыз.


 — 35 —
Кофе-киоск 
Тамақ саласына қатысы бар тағы бір бизнес – 
кофе. Мұнда кофехана ашу міндетті емес. Мысалы, 
өзімен бірге алып кетуге болатын кофе қазір 
сұранысқа ие. Кеңседе қызмет ететіндердің көпшілігі 
күніне бір рет болса да кофе ішеді. Кофе нарығының 
статистикасы «кофені өзімен бірге» бизнес ретінде 
– ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге сай келетін, өте 
тиімді идея екенін дәлелдейді. Бұл бизнесті ашу үшін 
көп салымды қажет етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет