— 26 —
Қазіргі таңдағы өзекті топ-30 бизнес-
жоспарлар мен оларды жүзеге асырудағы
алғышарттар
Алғашқы бөлімді кәсіп бастаудағы сіздің өзіндік
«М.Е.Н»-іңізді табуға әрекет еттік.
Ендігі нысана
табыстылар қатарынан сіз де көріну үшін топ-30
бизнес-жоспар түрлерін ұсынып отырмын.
Бизнестің табыс құпиясы өте қарапайым.
ол — дұрыс таңдалған бағыт.
Адамдар өз жеке кәсібін ашу туралы немесе шағын
бизнесін кеңейту туралы көп ойланады. Бірақ
бастама қаншалықты табысты болады?
Қандай сала
танымал? Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны
бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті
іске қосу үшін жасау керек
жұмыстың тізімі өзінің
ауқымымен еңсені басады. Бұл бөлімде бизнес-
жоспарды жасауға байланысты барлық негізгі
аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар
көптеген
нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.
Ең басты еркеретін жайт бизнес пен тәуекел егіз
ұғым секілді. Ешқандай да табысқа жетудің арнайы
— 27 —
құпиясы жоқ, тек олар «Сізден ерте бастағандар»
екенін біле жүріңіз.
Сондықтан көп ойланбай
«тәуекел» деп өз кәсібіңізді ашыңыз.