— 124 —
2. Салық режимдері. Қанша пайыз салық төлейсіз,
қашан, қалай салық есептіліктерін тапсырасыз –
осы режимге байланысты болады. Сол үшін салық
режимдерінің бәрімен танысып артықшылығы
мен кемшілігін біліп алыңыз.
Табыс салығының пайыздарына қарап,
оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі
мен патент негізіндегі салық режимі тиімдірек көрінуі
мүмкін. Бірақ, ол екі режим
жалпы айналымнан салық
төлейтінін ұмытпаңыз. Егер сізде үлкен айналым,
бірақ аз табыс болса сізге жалпыға бірдей салық
режимі тиімді болуы мүмкін. Мысалы, телефонға
бірлік салатын аппараттар қойсаңыз, 1000 тг бірлік
салынғанымен сізге тек 20 тг қалады делік. Осы тұста
оңайлатылған салық режимі бойынша 30 тг салық
төлеу керек боласыз, ал жалпыға бірдей салық режимі
бойынша 20 тг-ден 10% 2 тг ғана салық төлейсіз.
Құжатпен дәлелденген шығындарды алып тастап,
таза табыстан төлеу мүмкіндігін сізге
тек жалпыға
бірдей салық режимі береді. Сондықтан салық
режимін таңдамас бұрын, қағаз бен қалам алып,
болашақ шығындарыңыз бен табысыңызды есептеп
барып, шешім қабылдаңыз.
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық
режимін пайдалану үшін мынандай кәсіп түрлерімен
айналысуға тыйым салынады:
1.
акцизделетін тауарлар (спирттің барлық
түрлері, сусын, шырын, арақ-шарап, сыра,
темекі, алтын мен күмістен жасалған зергерлік
бұйымдар және т.б) өндiруді;
— 125 —
2.
акцизделетін тауарларды сақтауды және
көтерме саудада өткiзуді;
3.
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді,
дизель отынын және мазутты өткiзуді;
4.
лотереялар өткізуді;
5.
жер қойнауын пайдалануды;
6.
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
7.
түсті және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды,
қайта өңдеуді және өткiзуді;
8.
консультациялық қызметтер көрсетуді;
9.
бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы
қызметті;
10.
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің
қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық
қызметін;
11.
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы
қызметті;
12.
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті
Сонымен қатар, агенттiк шарттар (келiсiмдер)
негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар
патент немесе оңайлатылған
декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдана
алмайды.
Агенттік шарттар (келісімдер) дегеніміз –
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар
(келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент)
сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша
өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші
тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер
жасауға міндеттенеді. Мысалы, желілік маркетинг.
— 126 —
Жоғарыдағы талаптарға сай болмасаңыз,
жалпыға бірдей
салық режимін таңдағаныңы
жөн. Себебі, бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейін
де салық органдары сіздің салық режиміңіз қате
таңдағаныңызды байқаса, өтіп кеткен жылдар
үшін қайтадан салық декларацияларын тапсырып,
қайтадан салық төлеуге міндеттеуі мүмкін. Сондықтан
салық режимін таңдауға салғырт қарамауға кеңес
береміз!
Достарыңызбен бөлісу: