— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


Кедей адамда қаржылық стратегия жоқ



Pdf көрінісі
бет6/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Кедей адамда қаржылық стратегия жоқ. 
Оның басты қағидасы – тапқан ақшасын тезірек 
жаратып жіберу. Байлар болса, еңбекпен келген 
ақшасын жинағанды жөн көреді. «Ақша жоқ болса, 
мен қалай инвестиция жасаймын?» деген сөзді 


 — 15 —
ұмытқан дұрыс. Себебі, болашағын ойламаған адамда 
ғана ақша болмайды. Ақшаны көп тапқан емес, дұрыс 
жаратқан адам байлыққа кенеледі.
Ақша бітсе, уайымға салыну. 
Тұрмыстың билігі санаға жүріп тұрған шақта, 
ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Дегенмен барлық 
нәрсенің кілті ақшада емес. Егер қалтаңызды көк 
тиын қалмай қалса, уайымдап, қобалжудың қажеті 
жоқ. Себебі бұл әдетке айналып кетсе, сіз ақша бітсе 
болды қарызға кіруге асығып тұрасыз. Ал қарызға көп 
байланған сайын сіздің баюға деген құлшынысыңыз 
жоғалады. Әр тапқаныңызды қарызға берсеңіз, сіз 
қашан байлыққа кенелесіз? 
Аз кірістен көп шығын жасау.
Шығынды есептеңіз. Себебі кіріс аз болса, немесе 
белгілі бір орташа көлемде болса соған қарай икемделу 
керек. Адамдардың кедейлікке ұрынып қалатын 
тағы бір себебі де осы. Олар көп шашылып, аз қаржы 
табады. Есебін жасамайды. Сондықтан кіріске қарай, 
шығын жасаңыз. Жалақыға бір күн емес, әлі бір ай 
өмір сүру керектігін ұмытпаңыз. 
Осы әдеттерден гөрі ақша табудың қосымша 
жолын қарастырып, әлгіндей тірлікке кеткен уақытын 
одан да сол екінші жұмысқа кетірсек басқаша нәтиже 
болушы еді. Қазақтың бай қуатты болуына ең бірінші 
кедергі болып отырғаны – осы мәселе. Көбіміз 
«Шіркін, байып кетсем», «Беделді, атақты болып 
кетсем», «Қымбат көлік алсам», «Жақсы киінсем»
менен асқан бақытты адам болмас еді дейміз. 


 — 16 —
Кез келген адам миллионер болуды, қаржылық 
сауаттылықты, ақша жинақтау жолдарын білгенді 
қалайды. Алайда әрекеттері үнемі сәтті бола бермейді. 
Адамдар қарапайым нәрселерге назар аудармайды. 
Ал әлемдік тәжірибе бұл ережелерді сақтау керектігін 
айтады. Сонымен, ақша тауып, кәсіп ашқыңыз келсе, 
ең алдымен өзіңіз мына кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке бюджетті бақылау.
Иә, бұл жалықтыратын әдет болып көрінеді. 
Бірақ, нағыз бай адамдар өздерінің кірісімен қатар 
шығыстарының да нақты көлемін біледі. Қаражаты 
көбейген сайын есепке де мығым болады.
Өз уақытыңызды дұрыс жоспарлау. 
Бұл құнды ресурсты дұрыс қолданса
айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. 
«әлеуметтік желінің пайдасы жоқ, тек уақытымызды 
ұрлайды» дейміз, бірақ дұрыс пайдалансақ зиян емес, 
керісінше пайдалы. Таңнан кешке дейін керексіз 
парақшаларды ақтарып, айдаладағы біреудің өмірін 
бақылап, пікір жазып отырсақ, әрине, зиян. Ал 
өзімізге қажетті ақпаратты ала білсек, пайдасын көре 
аламыз.
Өршіл мақсаттар қою.
Бай адамдар өз уақытын ұйымдастыруға көп 
көңіл бөледі: миллионерлердің 81%-ы өздерінің 
істерінің тізімін ретімен жүргізеді. Демек, алға 
қойылған мақсат пен оған жету жолында жақсы 
ойластырылған қадамдар шын мәнінде нәтиже 
береді. Мәселен, атақты кәсіпкер, миллионер Ричард 


 — 17 —
Брэнсонның алдына қойған мақсатына жетпейінше 
жаңа істі бастамайтын жақсы әдісі бар екен. 
Бастапқыда бұл әдісті әдетке айналдыру мүмкін емес 
секілді көрінеді, алайда талпынған адам мақсатқа 
жетеді. Жоғарыда көрсеткен мысал оның айқын 
дәлелі.
Өзіңді дамыту үшін ақшаны аямау.
«Адам үнемі өзін дамыту керек» деген сөзді 
әрбір миллионердің кеңесінен байқаймыз. Себебі, 
қаншалықты көп білсең, соншалықты мүмкіндікке ие 
боласың. Демек, жан-жақты даму үшін қаржы салуды 
әдетке айналдыру керек. Осы тұста миллионерлердің 
тағы бір әдетін атап өтейік. Ауқатты адамдар ақшаны 
рахат өмір сүру құралы емес, ең алдымен, жинақ пен 
инвестиция деп есептейді. Сондықтан, ай сайынғы 
табыстың кемінде 10%-ын жинақ шотына салуды 
ұмытпаңыз. Бай адамдар тіпті көп қаржы бөледі екен: 
олар өз табысынан 20%-ға дейін инвестициялайды. 
Көптеген сарапшылар «50-30-20» ережесін ұстануды 
ұсынады. Бұл дегеніміз, 50% табысты ең қажетті 
нәрселерге жұмсайды, 30% — жаңа киім немесе саяхат 
сияқты заттарға және қалған 20% жинақ шотына 
салады.
Өзіңе жұмыс істеу.
Статистикалық деректерге сәйкес, 
миллионерлердің 2/3 бөлігі жеке кәсіпкерлер. 
Сондай-ақ, The Economist деректері бойынша, 
миллионерлердің жартысынан астамының өз бизнесі 
бар, олардың тек 16%-ына ғана байлық мұраға қалған. 
Сонымен қатар, миллионерлер бір жерден ғана табыс 


 — 18 —
табуды жөн көрмейді, сондықтан бірнеше кіріс 
көзінен пайда алуды әдетке айналдарған.
Ақшаға негізгі мақсат емес, құрал ретінде 
қарау. 
Қазіргі миллионерлердің ортақ ерекшелігі 
— ақшаға табынбау. Олар мақсаттарына жетуге 
тырысады, ал ақша сол жолдағы бонус іспетті. 
Сондықтан, өмірдің мәнін ақшадан іздеудің қажеті 
жоқ, тек бөлшек ретінде қараңыз. Ал бай адамдардың 
қатарына тез қосылуға көмектесетін ең нәтижелі 
әдет — өз ісіңді сүю. Қолға алған жұмысыңызды 
махаббатпен жүргізсеңіз, ерте ме, кеш пе адам мін-
детті түрде бай болады.
Талай сөздің төрелігін айтып, шешендігінің 
арқасында күрмеулі істің шешімін 
тапқан Төле би өз заманында 
«Кәсіп болмай нәсіп болмас» 
деп кәсіпкерліктің пайдасын 
пайымдап кеткен екен. Иә, расында да бүгінгідей 
нарықтық заманда жеке кәсіп ашып, шаруаның 
шырайын келтірмесеңіз бір жалақыға жалтақтап 
отыру тиімсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет