— 158 —
салық органына бір мезгілде:
1. қызметін тоқтату (жабу) туралы салықтық
өтінішті;
2. рұқсаттар және хабарламалар саласындағы
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша
жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын
салық төлеуші ретінде
қызметтің басталғаны
немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны,
осындай есепке алу болған кезде; Егер ондай
жекелеген қызмет түрі болмаған болса бұл өтініш
өткізілмейді.
3. таратудың салықтық есептілігін;
4. бақылау-касса
машинасын есептен шығару
туралы салықтық өтінішті ұсынады. Егер
бақылау касса машинасы болған болса, әрине.
Егер касса болмаған, тек банктен шот ашылған
болса, сол шотты жабу керек болады.
Жеңілдетілген түрі бойынша ДК қызметі 3 жұмыс
күнінің ішінде тоқтатылуы тиіс.
Егер сіз қосылған құн салығының төлеушісі
болсаңыз, жоғарыдағы
өтініштермен бірге ҚҚС
(қосылған құнға салық) есебінен шығару туралы
өтініш өткізесіз. ДК қызметін тоқтату туралы
өтінішіңізді аудит бөлімі қарастырып, тексеру
жүргізеді. ДК қызметі аудиттің
тексерісі негізінде
жабылады.