Есеп 2. Келесі берілген негіздерде кәсіпорынның қаржылық циклі және
өндірістік, операциялық ұзақтығын анықтаңдар: ҚҚС қоспағанда өнімді
сатудан түскен кіріс 395,8 мың. тенге, өндірістік қорлардың орташа жылдық
қалдығы– 38 тыс. тенге, аяқталмаған өндірістің орташа жылдық қалдығы – 56
мың. тенге, дайын өнімнің орташа жылдық қалдығы – 120 мың. тенге, ақшалай
қаражаттың орташа жылдық қалдығы – 50 мың. тенге, дебиторлық берешектің
орташа жылдық қалдығы – 120 мың. тенге, кредиторлық берешектің орташа
жылдық қалдығы – 87 мың. тенге.
Есеп 3. Жоспарланған тоқсанға шикізат пен материалдарға айналымдық
қорлардың қажеттілігін анықтаңыз, келесі мәліметтер бойынша айналым
қорларының қажетті өсім көлемін және айналым құралына деген жалпы
қажеттілікті анықтаңыз:
- шикізат және материалдардың өнім дайындауға кеткен тоқсандық
шығыны – 3000 мың тенге;
- қор нормасы – 26 күн;
- басқа айналымдық қорларға қажеттілік – 5000 мың тенге;
- болашақ жоспарланған тоқсан басындағы айналым қорларының сомасы –
3450 мың тенге
Есеп 4. Қаржылық жоспарды құрған кезде жоспарланған кезең бойынша
айналым қорларына қажеттілікті есептеу елеулі рөлді атқарады. Яғни
жоспарланған кезең басында айналым қорының құнына оның қажетті өсімін.
Жоспарланған тоқсан бойынша айналым қорларының қажетті өсімін келесі
элементтер бойынша есептеңіз:
a) шикізат және материалдар бойынша: шикізат және материалдар бойынша
шығын – 2520,0 мың тенге, қор нормасы – 28 күн
b) аяқталмаған өндіріс бойынша: өнімнің өзіндік құн бойынша шығарылуы –
7112,0 мың тенге, қор нормасы – 3 күн
c) дайын өнім бойынша: өнімнің өзіндік құн бойынша шығарылуы – 7112,0
мың тенге, қор нормасы – 2 күн
d) тауарлық қор бойынша: тауар айналымы сатып алу бағасы бойынша оборот
– 1800,0 мың тенге, қор нормасы – 2 күн
e) ақшалай қор бойынша: тоқсандағы тауар айналымы – 2250,0 мың тенге, қор
нормасы – 1 күн
анықтандар:
жоспарланған кварталдың аяғында айналым қорларының жалпы қажеттілігін, егер жоспарланған тоқсанда өзге де айналым қорлары 400000 мың теңгені құраса
айналым қорларының қажетті өсімін, егер жоспарланған тоқсан басында айналым қорларының сомасы 1425,0 мың теңге болса