— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет82/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
 — 191 —
- Сізде өмірлік тәжірибе бар. Бизнесті 
бастаудың кеш еместігінің айқын және талас-
сыз дәлелдерінің бірі. Кәмелетке толған кез-
ден бастап қазіргі жасыңызға дейін жиналған 
өмірлік тәжірибеңіз бар. Бұл орасан зор 
тәжірибе өз бизнесіңізді бастаған кезде сөзсіз 
көмектеседі. 
- Сіздің бойыңыздан шыдамдылық, 
сабырлылық сынды қасиеттер табылады. 
Сол себепті сіз өзіңіздің бизнесіңізді құрудың 
барлық қадамдарын ойластыра аласыз; 
бизнестің жағымды және жағымсыз жақтарын 
мұқият өлшей аласыз. Бұл жетістікке жету 
мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Осы 
қадамдардың әрқайсысын жүзеге асыруда аса 
көп тәжірибеңіз болмаса да, сіз бизнес-жоспар 
құру, егжей-тегжейлі қаржылық жоспар 
құру және нарықты мұқият зерттеу сияқты 
нәрселердің маңыздылығын түсіне аласыз. 
Сонымен қатар, белгілі бір мәселелерді шешуде 
сізге қандай мамандар көмектесе алатынын 
нақты білесіз. 
- Сіздің достарыңыз көп (олардың 
да сәйкесінше өз достары бар). Сіздің 
жасыңызда сізде сөзсіз көп таныс, достар, 
әріптестер болады. Бизнесті бастаудың 
алғашқы сатыларында әртүрлі саладағы, 
көптеген мамандарға деген қажеттілікке, 
сіздің байланыстарыңыз арқылы жауап беруге 
болады. Сол таныстарыңыз сіздің бизнесіңізге 
өз кеңестерімен, заңгерлік, бухгалтерлік, 
маркетингтік, қаржылық, мердігерлік, 


 — 192 —
дизайнерлік және тіпті әлеуметтік желіде 
блогерлік тұрғысынан көмек көрсете алады. 
Қарым-қатынастың мұндай кең аспектісі әдетте 
бірнеше ондаған жылдар бойы қалыптасады, 
сондықтан сіздің жасыңыз бұл жағдайда 
үлкен артықшылық болып табылады. Бизнес 
саласында тәжірибе жинай отырып, сіз мұндай 
байланыстардың маңыздылығын түсінесіз. 
Осылайша, өзіңіздің жеке бизнесіңізді бастай 
отырып, оны дамытуға сенімді және білімді 
адамдар қатысатынына көз жеткізесіз. 
- Мақсат қоюды және оған қол жеткізуді 
білесіз. Мақсат қоя білу өнері кез келген 
бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады. 
Ересек, тәжірибелі адамдардан жастардың 
бірден бір айырмашылығы – дұрыс, нақты 
мақсат қоя алмайды. Сондықтан, сіз бірнеше 
мақсатқа қол жеткізген адам ретінде, өзіңізге не 
керегін білесіз. Өмірлік тәжірибенің арқасында 
мақсатыңызға ең тиімді жолды таңдап, 
бизнесіңізді үнемді және нәтижелі түрде 
дамыта аласыз. Сізге инвестиция тарту оңай 
болады. Инвесторлар көбінесе зерттеулерге 
сәйкес, нарықтың қалай жұмыс істейтіндігін 
жақсы білетін, тәжірибелі кәсіпкерлерді 
іздейді. Сонымен қатар, өз қателіктерінен сабақ 
алған тәжірибелі кәсіпкерлердің жобаларына 
қаржы бөліп, олар өздерінің тәуекелдерін 
азайтады екен. Сіз не істегіңіз келетінін нақты 
білесіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет