— 185 —
Көріп тұрғандарыңыздай елімізде бизнес
баста-
уға арналған бағдарламалар түрі өте көп, бастысы
ниет болу керек. Әрекет етіңіздер,
маған қашан
біреу береді деп отырғанша, қазірден бастап іске
кірісіңіздер! Әрекет түбі – берекет!
— 186 —
Кәсіп ашуға бағдарламалар легін тізе кеттім.
Әйтсе де, бұл бағдарламалармен
бизнес ашуыңыз
үшін, ең әуелі дұрыс бизнес-жоспар болуы керек. Еле-
стетіп көріңізші: қалай болса солай, нақты мақсатсыз,
сауатты бағдарлаусыз,
қаржылық есептілік дұрыс
жүргізілмеген бизнес-жоспарға кім салым салғысы
келеді? Әрине ешкім!
Бизнес-жоспарыңызды жазуды неден баста-
рыңызды білмейсіз бе?
• Қайтарымсыз
гранттар,
• Өте аз пайызбен беріліп жатқан несиелер,
• Қайтарымсыз субсидиялар жайлы көп етисіз.
Алайда білсеңіз де ол бағдарламалармен дұрыс
жұмыс жасау керек екенін
ұғыну қиындық тудырып
жатады. Тіпті әлгіндей бағдарламалардың шартта-
рын тындап қайтып кететіндер де көп.
Көп ойланып, даурығудың қажеті жоқ. Ең дұры-
сы бұл сұрақтар бойынша кәсіби мамандарға жүгін-
геніңіз абзалырақ болады.
Біріншіден, көп уақыт жоғатпайсыз.
Екіншіден, анық әрі нақты түсіндерме жұмы-
сы арқылы бәрі ап-айқын, ешқандай қиындығы
жоқ екеніне көзіңізді жеткізесіз.
Бизнесіңізді бастау үшін қанша қаражат ке-
рек?
Қаншалықты ол бизнеске сұраныс бар?
Салынған ақшаңыз қалай ақталады, қандай
қаржы көздері бар, қандай бағдарлама тиімді бо-
лады?
Сондай-ақ өзге де
сұрақтарға инвестиция ана-
литиктері өте сауатты түрде жауап береді. Алған ақ-
шаңыз жетпей қалып, жарты
жолда бизнесіңіз тоқтап
— 187 —
қалмауын қалайтыныңыз анық. Олай болса биз-
нес-жоспарларға тапсырыс бергеніңіз тиімді болады.
Себебі де сол қыруар шығынға бой алдырғаннан гөрі,
сенімді
бизнес-жоспармен жұмыс жасап, ақшаңызды
құлдырауға емес, жүз есе ақтауға әрекет ете аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: