Паразит түрлері болса негізінен жануарлардың, жәндіктердің, түрлі
өсімдіктердің, тіпті адамдардың денесінде мекендейді (мысалы, аскарида) яғни
сапробиотикалық тіршілік етеді. Бұл түрінің ұзындығы 20 см-ден басталып 8 м-
ге дейін жетеді (кашалот нематодасы).[3]
3.
Дене құрылысы
Аталып отырған ағзалардың қүрылысында бірқатар ерекшеліктер бар:
•
Жұмыр құрттарда тыныс алу жүйесі жоқ, ал дем алу процесі құрт
денесінің барлық беткейінде жүреді немесе анаэробты түрде іске асады.
•
Сондай-ақ нематодалардың қанайналым жүйесі де жоқ.
Нематоданың сырты қалың кутикуламен қапталып жатады, ал оның астында
гиподерма және көлденең жолақты бұлшықеттің бір қабаты орналасады.
Гиподерма ірі эпителийден құралған. Оған қоса құрттардың сыртқы қабатында
бүртіктер мен томпаюлар бар. Жұмыр құрттардың екі типінде де сыртқы
кутикула көп қабатты. Бұл өз кезегінде тек сыртқы ортадан қорғаныш қана емес,
ішкі тургорды қамтамасыз етуші қызмет атқарады. Дене ішіндегі сұйықтық
сыртқы қабыққа тургорлық күш түсіруінің құрттың қозғалуында алатын орны
маңызды – қысым арқылы құрт денесі тіктеледі, ал бұлшықет жиырылуы арқылы
құрт қайта майыса алады. Осы үрдістерді кезектестіре орындау арқылы құрт
жылжи алады. [1]
Достарыңызбен бөлісу: