Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


А3 антигендерiн еуропеоидтардың



Pdf көрінісі
бет169/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

А3 антигендереуропеоидтардың, ал HLA-А9, А11 антигендерiн 
монголоидтардың «маркерлерi» деп атауға болады. 


186 
HLA-А2, HLA-В7, HLA-В12, HLA-В35, HLA-Cw3, HLA-DR2 
антигендердiң жиiлiгi аталмыш зерттелген популяциялардың көпшiлiгiнде 
өте жоғары, ал HLA-A36, HLA-Aw43, HLA-Bw41, HLA-Bw46, HLA-Bw47, 
HLA-Bw48, HLA-Bw63, HLA-DRw10 антигендерi барлығында төмен 
жиiлiкпен кездеседi екен. Еуропа жерiндегi адамдарда гаплотиптердiң 
арасында HLA-А1В8  7%, HLA –А3В7  5,2%, HLA –А2В7  4,1% жиi 
кездеседi. 
Кейбiр аллельдiк комбинациялары гаплотиптерде өте жиi кездеседi 
екен, бұл бiркелкi емес таралуы табиғи сұрыпталумен, әр ұрпақтан 
ұрпаққа 
биологиялық 
ең 
пайдалы 
комбинациялары 
берiлiнуiне 
байланысқан болу керек.
Еуропеоидтарға - HLA-A1B8Cw7DR3 және HLA-A3B7Cw7DR2, 
HLA-A30B13Cw6DR7, 
HLA-Aw33B14Cw8DR1, 
HLA-A2B44Cw5DR4, 
HLA-A2Bw60Cw3DR6, 
HLA-A3B35Cw4DR1, 
HLA-A-2Bw27Cw1DR1, 
HLA-A11B35Cw4DR1, т.б. аллельдер комбинациясы тән екендігі 
анықталған. 
Популяциялар генофондында (мысалы, ең басында, еуропалық 
халқына жататын тұрғындарда) HLA-аллельдер мен гаплотиптердiң 
(мысалы, HLA-DR3, A1, B8) Т-хелперлердiң, NK-жасушалардың және 
фагоцитоздың жоғары активтiлiгiмен жағымды ассоциациясы HLA-
антигендердiң иммундық жауапты реттеудегi байланысын анықтайды. Бұл 
ассоциацияларын алғаш рет 60-70 жылдары J. Dosse және V. Bodmer 
болжаған, кейiн 80-шi жылдары Суринамда iш сүзiмен ауырған 
адамдардың 
эпидемиялық 
талдау 
қорытындысында 
тiрi 
қалған 
еуропеоидтарда HLA-DR3, A1, B8 – антигендерi ғана анықталған. 
Қазiргi кезде HLA-антигендерiн iрiктеудiң бiрнеше әдiстерi бар. 
Олар: серологиялық iрiктеу, аралас лимфоциттер дақылында HLA II 
класының өнiмдерiн iрiктеу, ПТС(полимеразды тізбекті серпіліс) 
көмегiмен молекулалық-генетикалық (ДНК) iрiктеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет