Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет167/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Аллельдер 
саны 


183 
26-шы сурет. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің I және II 
класқа жататын молекулаларының аллельдік түрлері 
HLA I класс антигендерiнiң құрылысы мен қызметтерi 
HLA жүйесінің I класс антигендері – екі ковалентсіз байланысқан 
полипептидті тізбектен тұратын полипептидтер болып келеді; олардың 
бір тізбегі – ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД HLA 
жүйенің гендерiмен кодталған трансмембраналық гликопротеидке 
жатады; екінші тізбегі – хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен 
кодталған, молекулалық деңгейі 12 кД тұрақты β-микроглобулин деп 
аталатын жеңіл тізбекке жатады. HLA-антигендердің I класының 
химиялық құрылысы II класс антигендерінің құрылысынан біраз 
ерекшеленеді.
HLA I класс гендері трансплантациялық антигендердің синтезін 
шақырушы А, В және С локустарына бөлінеді. HLA I класс антигендері 
барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде, Т- 
лимфоциттерде және олар “өзiнiкiн” тануда ең маңызды қызмет 
атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек HLA I 
класс антигендерімен қосып таниды.
HLA II және III класс антигендерiнiң құрылысы мен қызметтерi 
HLA II класс гендерiне DQ, DP, DR-локустарының гендері кіреді. 
Ол гендердің арасында иммундық жауаптың гендерi (иммунды 
жауаптық және иммунды супрессиялық  Ir және Is-гендерi), оның 
күшін реттейтін гендер жатады. HLA II класс антигендерi көбірек В-
лимфоциттерде, 
макроцагтарда, 
дендритті 
және 
Лангерганс
жасушаларында, 
тағы 
басқа 
белсендірілген 
Т-лимфоциттерде, 
арнайылықтанған эпителиоциттерде, т.б. жасушаларда орналасқан. 


184 
Иммунхабарлы жасушалардың жасушааралық байланыстағы маңызды 
рөлінен басқа, HLA II класс антигендерi антигенді таныстыруда және 
иммунды жауап шақыруында маңызды рөл атқарады, бұл кезде HLA II 
класс молекулаларымен бірге таныстырылатын бөгде антиген тек Т-
хелпер субпопуляциясымен танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет