Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдерi туралы қазiргi



Pdf көрінісі
бет175/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдерi туралы қазiргi 
көзқарастар 
Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиенттiң арасындағы 
генетикалық айырмашылықтарымен себептеледi. Әр-түрлi салынған 
трансплантатқа қарсы иммундық жауаптың дәрежесi де әртүрлi болады. 
Әрбiр трансплантат түрiн белгiлеу үшiн бірнеше терминдерді қолданады: 
Аутотрансплантат деп  бiр индивидуумда өз денесiнiң бiр 
жерiнен басқа жерiне салынған тiндерiн айтады. Бұл алмастыру түрiн жиi 
күйген адамдарда өткiзедi, ол кезде денесiнiң таза терiсiн күйген жерiне 
жамайды.
Изотрансплантат (синтрансплантат) – ол генетикалық ұқсас 
индивидуумдар 
арасындағы 
салынған 
тiндер 
мен 
мүшелерi. 
Изотрансплантациялау таза линияға жататын (инбредтi) тышқандардың 
арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас 
(монозиготалық) егiздер арасында өткiзiледi.  
Аллотрансплантат – ол бiр биологиялық түрге жататын 
генетикалық түрлi организмдердiң арасындағы алмастырған тiндер мен 
мүшелерi. Тышқандарда аллотрансплантациялау бiр таза линиялы 
тышқандардан екiншi таза линиялы тышқандарына тiндерiн немесе 
мүшелерiн 
алмастырғанда 
орындалады. 
Адамдарда 
аллотрансплантациялау 
көп 
кездерде, 
бiр 
индивидуумнан 
екiншi 
индивидуумге мүшелерiн алмастырғанда өтедi, мысалы донор орнында 
реципиентке ұқсас емес (гетерозиготалы) егiзi болса. Аллотрансплантат 
иесiне генетикалық ұқсас болмағандықтан, оны жиi иммундық жүйе 
айырып танып, iстен шығарады.
Ксенотрансплантат деп  әр түрге жататын организмдердiң 
арасындағы салынғған тiндер немесе мүшелерiн атайды. Мысалы, адамға 
маймылдан алып салынған жүректi, ксенотрансплантат деп атайды. 
Шамасы, ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессiздiк 
бiлдiретiндiктен, ол салынған тiндер тұрақтамауының өте тез жүруiне 
себеп болады. 
Медициналық практикада жиi аллотрансплантатты пайдаланады. Бұл 
кезде реципиент пен донор екеуiнде кейбiр гендердiң түрлi аллельдi 
варианттары болады. Реципиенттiң иммунитет жүйесi аллотрансплантат 
жасушаларының бетiнде экспрессияланған антигендердi бөгде зат ретінде 
танып, оған қарсы иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет