201
анықтайды. Оларға А, В, С, DR локустарының антигендерi жатады.
МЛЦТ өткiзу үшiн, донор мен реципиенттiң
лимфоциттерiн бөлiп алу
керек, содан кейiн микротитрлеу планшеттарының ячейкаларына МНС I
және II класс антигендер аллельдерiне ерекшелiктi моноклонды
антиденелер құйылады, содан соң лимфоциттердi қосу керек. Осы
планшеттарды инкубациялағаннан кейiн комплемент қосады, содан
кейiн серпілісті жасушалар жойылуынан
немесе осы тек ғана өлген
жасушаларға әртүрлi бояғыштар (көк трипан немесе эозин) қосылуы
арқылы бағалайды. Егер лимфоциттер бiр моноклонды антиденелерге
ерекшелi МНС аллелiн экспрессияласа, комплемент қосқаннан кейiн,
ол жасушалар жойылады да, өлген жасушалар көк трипанмен боялады.
HLA-iрiктеу комплементтәуелдi жасушалық
цитотоксикалық әсерi
арқылы өтедi және ол әр-түрлi МНС аллельдерiнiң болуын немесе
жоқтығын көрсетедi.
D локусының антигендерiн LD - (ағылшыннан limphocyte defined-
лимфоциттермен анықталатын) антигендерi деп атайды. LD-антигендерiн
АЛД серпіліс арқылы стандарттық лимфоциттер көмегiмен анықтауға
болады. АЛД серпілісті бласттық трансформациялану серпіліс арқылы екi
адамның
(гистосәйкестiк
D
локус
антигендерiмен
ажырылатын)
лимфоциттерiн өсiрiп анықтауға да болады. Донор мен реципиенттiң
аралас
лимфоциттер дақылды
серпіліс әлсiз болған кезде, трансплантат
тұрақтауы өте жақсы болады. Егер донорлық мұшесі өліктен болса, онда 4-
6 күн iшiнде АЛД серпілісін қоятын мұмкiншiлiк болмайды, солндықтан
донор мен реципиенттi HLA-антигендерi бойынша iрiктеу үшiн МЛЦТ
әдiсi тиiстi болады.
Достарыңызбен бөлісу: