238
Емi: тимусты көшiрiп отырғызуында әр түрлi әдiстер өндiрiлуде,
тимус гормондарымен орынбасушы терапиясы, симптоматикалық терапия.
Болжамы: жиi қолайсыз. Бiрақ белгiсiз себеппен Т-жасушалық
тапшылығының жойылуына байланысты, Ди Джорджи синдромы бар
нәрестелердiң тiрi қалу жағдайлары жазылған.
2. Созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз
Созылмалы шырышты-терiлiк кандидоз екi жыныстың да адамдарын
зақымдайды, оған
аутосомды-рецессивтiк тұқымқуалаушылық түрлерi
тән. Патогенезiнiң негiзiнде Т-лимфоциттердiң Candida антигендерiне
селективтiк жауабының тапшылығы жатыр. Бұл кезде гуморалдық жауап
бұзылмаған. Аурудың негiзiнде жатқан, генетикалық ақаудың орналасуы,
белгiсiз. Науқастар 20-30 жыл өмiр сүруi мүмкiн, бiрақ саңырауқұлақ
ауруларына жиi шалдығады (35-ші сур.).
Достарыңызбен бөлісу: