249
Атопиялық дерматиттердiң және респираторлық аллергоздардың
дамуы тән.
Зертханалық тексеруде: эозинофилия, аллергенмен оң терiлiк
сынамасы,
IgE және IgD
деңгейiнiң күрт жоғарлауы анықталады. Т- және
В-лимфоциттердiң
деңгейi
қалыпты
жағдайда,
лимфоциттердiң
бласттрансформациялау серпiлiсi төмендеген. Фагоцитоз көрсеткiшi
қалыпты,
хемотаксис бұзылған. Жиi НКТ-сынамасының көрсеткiштерi
төмендеген.
Болжамы: салыстырмалы түрде қолайсыз.
Комплемент жүйесiнiң бiрiншiлiк тапшылықтары
Компелемент жүйесi - организмнiң
жұқпаға қарсы қорғанысында
маңызды рөл атқарады. Комплемент жүйесiнiң классикалық жолының
активациясы гуморалдық иммунитеттiң эффекторлы звеносына көмегiн
тигiзе отырып, микроағзалардың лизисiн қамтамасыз етедi. Альтернативтiк
жол бактериалды жұқпаларға қарсы қорғаныстың
маңызды арнайы емес
механизмi болып табылады. Комплементтiң активациясы кезiнде пайда
болған аралық өнiмдер бактерияны опсонизациялайды,
иммунды
жабысуды қамтамасыз етедi, фагоциттiң хемотаксисiн белсендiредi.
Достарыңызбен бөлісу: