Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


доминанттық түрi бойынша тұқымқуалайды



Pdf көрінісі
бет240/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

доминанттық түрi бойынша тұқымқуалайды.  
Патогенезiнiң негiзiнде ақаудың екi тобы жатыр: нейтрофилдер 
хемотаксисiнiң бұзылысы және олардың қорыту қабiлетiнiң бұзылысы. 
Осы науқастарда атопиялық аллергиялық серпiлiстердiң дамуына 
әкелетiн, шамадан тыс Тх2 пайда болуы, IgE түзiлiсiн жоғарлатуына, 
эозинофилияға әкелетiн, Т-жүйелерiнiң тұқымқуалаушылық ақауы орын 
алуы мүмкiн. Бұл науқастарда, сондай-ақ Тх2 көп мөлшерде түзiлуiмен 
көрiнетiн, Т-жүйесiнiң тұқымқуалаушылық ақауы да орын алады, ол 
атопиялық аллергияның серпiлiстерiн туғызатын IgE күрт жоғарлауына, 
эозинофилияға әкеледi. 
Жиi көрiнетiн клиникалық көрiнiстерiне тән: экзема, жиi 
абсцесспен кездесетiн терiнiң көптеген фурункулезi, тыныс жолдарының 
қайталамалы жұқпалары, отиттер, септикалық жағдайлар. Абсцесстер 
«суық абсцесстер» деп аталатын әдеттен тыс қабыну симптомымен өтедi. 


249 
Атопиялық дерматиттердiң және респираторлық аллергоздардың 
дамуы тән. 
Зертханалық тексеруде: эозинофилия, аллергенмен оң терiлiк 
сынамасы, IgE және IgD деңгейiнiң күрт жоғарлауы анықталады. Т- және 
В-лимфоциттердiң 
деңгейi 
қалыпты 
жағдайда, 
лимфоциттердiң 
бласттрансформациялау серпiлiсi төмендеген. Фагоцитоз көрсеткiшi 
қалыпты, хемотаксис бұзылған. Жиi НКТ-сынамасының көрсеткiштерi
төмендеген. 
Болжамы: салыстырмалы түрде қолайсыз. 
Комплемент жүйесiнiң бiрiншiлiк тапшылықтары 
Компелемент жүйесi - организмнiң жұқпаға қарсы қорғанысында 
маңызды рөл атқарады. Комплемент жүйесiнiң классикалық жолының 
активациясы гуморалдық иммунитеттiң эффекторлы звеносына көмегiн 
тигiзе отырып, микроағзалардың лизисiн қамтамасыз етедi. Альтернативтiк 
жол бактериалды жұқпаларға қарсы қорғаныстың маңызды арнайы емес 
механизмi болып табылады. Комплементтiң активациясы кезiнде пайда 
болған аралық өнiмдер бактерияны опсонизациялайды, иммунды 
жабысуды қамтамасыз етедi, фагоциттiң хемотаксисiн белсендiредi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет