Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Rh-  аналардың  құрсағындағы  Rh+



Pdf көрінісі
бет247/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Rh- 
аналардың 
құрсағындағы 
Rh+ 
эмбриондардың 
эритроциттері гемолизденеді. Rh–- аналардың сенсебилизациясы бала туу немесе 
аборттар кезінде дамиды да, олардың жиілігі Rh-конфликтті ауырлатады. Rh-
жүйесінің антигендері эритроциттердің бетінде орналасқандықтан екініші жүктілік 
аналық организмнің эмбрионның эритроциттеріне иммуноагрессия жағдайы 
туындап, олардың гемолизы орын алады (Кумбс пен Джелл жіктелуі бойынша ІІ 
түрлі серпіліс). Бұл үрдіс эритроциттерге қарсы антиденелермен бірігіп патогенді 
иммунды кешендерді қалыптастыратын және организмнен элиминацияланатын 
анти-Rh(D)-иммуноглобулинмен жоққа шығарылады. Бұндай иммунизация барлық 
Rh–-әйелдерге бірінші аборт немесе Rh+ бала туудан кейін қажет. Егер анти-
Rh(D)-антиденелер алдын ала қолданылмаса, оларды жүктілік кезінде еңгізу керек. 
ДДҰ (ВОЗ) мәлеметтері бойынша, иммунды профилактиканы тәжирибеге кең 
еңгізгенге дейін Rh-конфликтінен дамитын нәрестелердің гемолитикалық 
ауруларынан құрсақ ішінде 5-10% өлетін. 
 
Ауруларға шалдығуы 
Екіншілік ИТЖ әр түрлі табиғаты бар аурулардың нәтижесі ретінде 
қалыптасуы мүмкін. 
Ең жиі екіншілік ИТЖ себебі болып жұқпалы аурулар келеді. 
Әр жедел жұқпалы аурудан кейін 1 айға созылатын транзиторлық 
иммунды тапшылық пайда болады. Осы мерзімге, әдеттей, балаларға вакцина 
егуге тыйым салынады. 
Егер иммунды жүйе қалыпты жағдайда болса, жұқпалы аурулар жедел 
түрде өтеді. Жұқпалы аурудын созылмалы болуы қалыптасқан иммунды 
тапшылықтын белгісі. Созылмалы жұқпалар кезіндегі иммунды тапшылық 
қоздырғышпен 
күресу 
жағдайындағы 
иммунды 
жүйенің 
резервті 
мүмкіншіліктерінің жұқарғанынан болады және бара-бара ауырлайды. 
Сонымен қатар, аталған жағдай патологиялық үрдістің ары қарай 
созылмалануына себеп болады.
Бактериалдық жұқпалар (туберкулез, мерез, лепра, пневмококктық, 
менингококктық, стрепто- және стафиллококктық және басқа жұқпалар). 
 
Туберкулездің 
ауыр 
түрлерімен 
науқастанған 
ауруларда 
Т-
лимфоциттердің саны күрт төмендеп қызметтері тежеледі. Мерез бен лепра 
кезінде 
де 
осындай 
бұзылыстар 
байқалады. 
Пневмо- 
және 
менингококктармен шақырылған жұқпалар да, әсіресе герпетикалық 
жұқпамен әсерлескен кезде, Т-жұйенің әлсіреуі орын алады. Сонымен қатар, 
жасушалық иммунитеттің ақаулықтары көк жөтел, сүзек, скарлатина, 
бруцеллез және басқа жұқпалы аурулар кезінде қалыптасады. 
Жиілігі жоғары болғандықтан созылмалы стрепто- және стафилококктық 
жұқпалармен шақыралатын иммунитет бұзылыстары жеке орын алады. 
Аталған патология кезінде жасушалық иммунитеттің төмендеуінен басқа В-
лимфоциттердің күрт белсенуі және айқын аутоиммундық компоненті бар 
жұқпалы-аллергиялық 
ауралардың 
дамуы 
байқалады. 
Бұл 
жағдай 
постинфекциялық 
ревмокардиттердің, 
ревматоидтық 
қызбаның, 


гломерулонефриттердің, 
реактивті 
артриттердің, 
геморрагиялық 
васкулиттердің патогенездерінің негізінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет