Ятрогендік факторлар Екіншілік иммундытапшылықтардың қалыптасуына ятрогендік
факторлар да қатысуы мүмкін. Оларға, біріншіден, дәрілік препараттар жатады.
Көптеген
эксперименталды
жұмыстарда
және
клиникалық
тәжирибелерде
цефалоспориндік
және
фторхинолондық
тізбектің
антибиотиктерінің, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің,
туберкулезге
және
саңырауқұлақтарға
қарсы
антибиотиктердің
иммундыдепрессиялық әсері табылған.
Сонда антибиотиктердің ең айқын иммундыдепрессиялық әсерлері
ретінде вирустарға қарсы иммунитеттің төмендеуі, Т-лимфоциттердің
функционалды белсенділігінің тежелуі, нейтрофилдер мен макрофагтардың
фагоцитарлық белсенділігі азаюы жүзеге асады.
Онкологиялық, лимфопролиферативті және аутоиммундық аурулардың
ем шарасы ретінде, сонымен қатар трансплантация кезінде қолданылатын
дәстүрлі иммунодепрессанттар мен цитостатиктер иммуносупрессиялық
әсер көрсетеді.
Күшті иммундысупрессиялық әсер кортикостероидті гормондармен емдеу кезінде де байқалады. Физиологиялық концентрациялардан тым
жоғары мөлшерлерде кортикостероидті гормондар иммундыхабарлы
жасушалардың миграциясы мен рециркуляциясын тежейді, белсенділіктерін
басып тікелей лимфоцитотоксикалық әсер көрсете алады. Қазіргі
кезде
ауруханаішілік госпиталды жұқпалардың -
медициналық мекемелерде болатын қоздырғыштар шақырған жұқпалы
үрдістердің жиілігі өсуде. Госпидалды жұқпалар келесі себептерден пайда болады:
Біріншіден, науқастың негізгі ауруы екіншілік иммундытапшылықты
бұзылыстарды шақырады.
Екіншіден, көптеген дәрілік заттар (антибиотиктер, сульфаниламидтер және
т.б.) аутомикрафлораның қарапайымдалуына себепкер болады, антибактериалды
терапияға резистентті, патогенді штамдардың селекциясын индукциялайды және
екіншілік ИТЖ – ның құрылуына қатысады.
Үшіншіден, нуқастардың микроорганизмдердің госпиталды штаммдарымен
жұқпалануы жоғарылауы үлкен қауіп төндіреді. Ауруханаішілік жұқпаларға 2000 –
нан астам патогенді және шартты – патогенді микроорганизмдер жатады, олар
аурухана
ішінде
ондаған
жылдар
бойы
өмір
сүріп,
кейде,
көптеген
антибактериалды
препараттарға
бірдей
полирезистентті
болады.
Оларға:
стафилококктар, көкіріңді таяқша, псевдомонадалар, респираторлық энтеро және
ротавирустар, гепатит А вирусы, анаэробты бактериялар
,
көгеру және ашытқы
саңырауқұлақтары, легионеллалар және т.б. жатады.
Төртіншіден, бүгінгі медицинаға сәйкес инвазивті агрессия - 3000 – нан
астам түріндегі манипуляциялық кіріспелер қолданылады – катетеризация,
бронхоскопия,
плазмоферез,
зондтау
және
т.б..
Медициналық
күрделі
аппараттардың (наркоздық, жасанды қанайналым аппараттары, оптикалық
техника) ішілік контурлары нашар дезинфекцияланып госпиталды жұқпалардың
себебі болуы мүмкін.