Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Терiлiк-аллергиялық сынама



Pdf көрінісі
бет291/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Терiлiк-аллергиялық сынама


Күмәндi аллергенмен терi iшiлiк сынама қою, 15-30 минуттан соң серпiлiстi 
анықтау. 
Прастниц – Кюстнер сынамасы. 
Денi сау, өзi келiскен адамға терi iшiне науқастың сарысуын енгiзедi. 12-24 
сағаттан соң осы жерге күмәндi аллергендi енгiзiп, 15-30 минуттан соң 
серпiлiс нәтижесiн көредi. Науқас сарысуындағы IgE сау адамның терiсiнiң 
мес жасушасындағы Fc-рецепторға жабысады. Осы жерге аллергендi 
енгiзгенде, аллерген мес жасушаның бетiндегi IgE-нiң Fab фрагментiмен 
байланысып мес жасушаның дегрануляциясына әкеледi, қабыну серпiлiсiнiң 
пайда болуына ықпал етедi. 
Иммунды ферменттiк талдау жалпы IgE деңгейiн бағалау және 
арнайы IgE деңгейiн анықтау үшiн қолданады. 
Әдiстiң қағидасы. Зерттелетiн аллергендi қатты фазамен (қағаз дискiсi, 
активтелген полимер және т.б.) байланыстырады. Науқастың қан сарысуын 
қосқан кезде сарысуда берiлген антигенге қарсы антидене болса, онда 
аллерген 
қатты 
фазада 
бекiтiлген 
антиденелермен 
байланысады. 
Байланыспаған IgE-ден жуғаннан кейiн IgE қарсы флюорохроммен (хрен 
пероксидазасы) белгiленген антиденелердi қосады. Кешеннiң түзiлуi болады: 
аллерген, IgE және IgE қарсы антидене. Байланыспаған антиденелердi алып 
тастайды. Байланысқан арнайы IgE деңгейiн жарқырау қарқындығымен 
анықтайды.
 Шелли әдiсi (тiкелей және тiкелей емес) мес жасушаларына, 
базофилдерге бекiтiлген және олардың дегрануляциясын шақыратын 
аллергенге арнайы IgE анықтау үшiн қолданады.
Тiкелей емес әдiстiң қағидасы науқастың қан сарысуы және арнайы 
аллергендердiң 
байланысуы 
нәтижесiнде 
мес 
жасушалары 
мен 
базофилдердің морфологиялық өзгерiстерiнiң зерттеуiне негiзделген. Басқа 
жасушалардан айыру үшін бейтарап қызыл бояу базофил түйіршіктерін 
өзгеше 
қоңыр-қызыл 
түске 
бояйды. 
Микроскопта 
бұл 
серпiлiстiң 
иммерсиялық жүйесi арқылы көруге болады. Өзгермеген базофилдер 
дөңгелек пiшiндi, боялған түйiршiктер жасуша ішінде орналасады. Оң 
серпiлiсi 
жасушалардың 
деформациясымен, 
жалғанаяқтардың 
пайда 
болуымен, түйіршіктердің күштi қозғалғыштығымен және сирек жағдайда – 
түйiршiктердiң жасушаны жарып шығуымен көрiнедi. Сынақ және бақылау 
перпараттарында 40 жуық базофилдер бар, одан морфологиясы өзгерген 
жасушалардың пайызын есептейдi. 
Тiкелей сынама аллергиялық ауруы бар науқастардың шеткi қанында 
арнайы 
аллергендермен 
байланысқан 
базофилдердiң 
морфологиялық 
өзгерiстерiнiң зерттеуiне негiзделген. Серпiлiс тiкелей емес әдiсi сияқты 
бағаланады. 
В.А.Фрадкин бойынша (1985) нейтрофилдердiң зақымдану көрсеткіші – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет