фрагментіне және С3 арналған рецепторлардың болуына, антиген мен
антидененің жабысуына және комплементтiң бекітілуіне байланысты
иммундық кешендердiң фагоцитоздайтын нейтрофилдердiң белсенденуi
болады. Соған байланысты НЗК жоғары көрсеткiштерi иммунды кешен
ауруларында - жоғары сезiмталдықтың III түрiнде байқалады.
НЗК сынамасын жүргiзу сынамасы. Әр лункаға зауытта дайындалған
белгiлi аллерген көлемiн енгiзедi (1:100 қоспасында), бiр лунка бақылау
ретiнде қолданады (физиологиялық ерiтiндi). Зерттелетiн науқастың әр түрлi
аллергендердi лейкоцитарлы концентратпен жүктейдi. Плашканы лункамен
термостатқа орналастырады. Инкубациядан кейiн әр лункаға 1 тамшыдан
0,1% акридин қызғылт сары ерiтiндiсiн қосады. Әр лунканың құрамын
майсыз заттық әйнекке ауыстырып, оларды кезектесiп белгiлейдi
.
Герметикалық (саңылаусыз) ылғдыал камерада жабынды әйнекпен жауып,
дайындалған
микропрепараттарды
мұздатқышқа
16-18
сағатқа
орналастырады. Тiкелей емес иммунды флуоресценттiк әдiспен қараңғы
алаңда жасушалардың есебi жүргiзiледi: зақымдалған нейтрофилдер санын
және зақымдану дәрежесiн есептейдi, ол өзгермеген жасушалар санына
пайыздық арақатынаспен көрiнедi. бақылауда жасушалардың зақымдану
дәрежесi (физ. ерiтiндiмен) жоғары (16 % және одан жоғары) болған
жағдайда, нейтрофилдер мембранасының арнайы емес тұрақсыздығы орын
алады, ол емнiң тактикасына мiндеттi түрде әсер етедi. Талдаудың
интерпретациясын, көбiнесе дәрiгер-аллергологтар жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: