Бірінші кезең – антиген мен антидене байланысу нәтижесінде иммундық кешеннің түзілуі. Антиген
ерігіш
болған
жағдайда
салыстырмалы түрде мөлшері кіші иммундық кешендер қалыптасады.
Корпускулярлы антиген болуы мүмкін, әдетте ол микробты жасушалар
мен вирустар, сондай-ақ бөгде жасушалар да антиген болуы мүмкін.
Аталған
барлық
жағдайда
комплемент
жүйесінің
активтенуімен
байланысты
дамитын
оқиғалар
әртүрлі
дамуы
мүмкін,
бірақ
принципиалды кестесі ортақ болады.
Екінші кезеңиммуноглобулиндердің Ғс-фрагменттерінде C1q суббірлігі байланысатын белсенді орталықтың пайда болуымен сипатталады. Белсенді С1 молекуласы түзілгеннен кейін ғана комплемент
жүйесінің классикалық жолмен активтенуі басталады.
Үшінші кезеңкомплемент жүйесінің активтенуі нәтижесінде түзілген
аралық және соңғы өнімдердің биологиялық әсерлерімен байланысты.
Сұйық фазаға өтетін С2b, С3а, С5а және С5b67 фрагменттері мен
комплементтің
кешендері
маңызды
рөл
атқарады.
Олар
анафилатоксикалық әсерді, фагоциттердің хемотаксисін және қан тамырларының өткішгіштігін жоғарылатуды қамтамасыз етеді, яғни
экссудативті қабынуды сипаттайтын серпілістер кешені дамиды.
Нәтижесінде серпіліс даму ошағы шектеледі және фагоцитоз бен
иммундық кешендердің шығуы ынталанады. Нысана-жасушалардың
мембраналарымен байланысқан комплементтің компонентері фагоцитозды
едәуір жеңілдетеді (иммундық жабысу). Бұл кезде негізгі эффектор
қызметін С5-9 лизистік кешені атқарады. Дәл осы аталған кешен
антигеннің ыдырауын жүзеге асырады.
Қорыта келгенде,