65
10-шы сурет. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі
С9 молекуласы перфоринге ұқсас нәруыз. Перфорин сияқты С9 да
мембрана фосфолипидтерімен байланысқан жағдайда полимеризацияға
ұшырайды, нәтижесінде цилиндрлік кешендер қалыптасады.
Цилиндрлер
мембрананың бүтіндігін бұзатын саңлаулардың түзілуіне алып келеді. Олар
арқылы Н
+
, Na
++
және Н
2
О кіруіне мүмкіншілік пайда болу салдарынан жасуша
осмостық лизиске ұшырайды. С5-9 кешені сұйық фазада да болуы мүмкін,
бірақ бұл жағдайда оның белсенділігі өте төмен. Бұл жағдай оның құрамында
сарысулық S нәруызының болуымен түсіндіреді. Аталған нәруыз белсенді С5-9
кешенінің түзілуіне кедергі жасайды деген болжам бар. Төменгі тығыздықты
липопротеидтердің де осындай белсенділігі бар. Кейбір тежегіш субстанциялар
(протектин, гликоферин) мембрана құрамында
лизистік кешендермен
байланысады және жасуша лизисінің жүзеге асуына кедергі жасайды, мәселен,
жасушаны аутолизден қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: