77
Бауырдағы мононуклерлы фагоциттердің өкілі – жұлдызшалы Купфер
жасушаларының құрамында эндогенді пероксидаза және фагоцитоз бен
пиноцитоз қызметтерін жүзеге асыра алатын біріншілік лизосомды
ферменттер бар.
Орталық жүйке жүйесінде мононуклеарлы фагоциттердің негізгі
қызметтерін (антигендерді
таныстыру, фагоцитоз, цитокиндерді өндіру,
цитотоксикалық әсер және т.б.) микроглия жасушалары мен астроциттер
атқарады.
Шеткері қан моноциттері тек тіндік макрофагтарға ғана емс,
сондай-ақ белгілі факторлардың қатысуымен дендритті жасушаларға
(ДЖ) да дифференцациялана алады. Тәжірибелерде мұндай факторлар
қызметін ГМ-КСФ пен ИЛ-4 атқаратыны дәлелденген.
Макрофагтардың жетілуі, дифференцировкасы және белсенуі өсу
факторларына (ИЛ-3, ГМ-КСФ, М-КСФ) және цитокиндерге (IFN-γ)
тәуелді.
IFN-γ ең маңызды қызметінің бірі - макрофагтардың эффекторлық
қызметін
белсендіру.
Яғни,
макрофагтардың
жасушаішілік
микробицидтік және цитотоксикалық әсерлерін күшейтеді,
олармен
цитокиндердің, супероксидтік және нитроксидтік радикалдардың,
проcтагландиндердің өнімін жоғарылатады. IFN-γ әсерінен І және ІІ
кластағы МНС антигендерінің экспрессиясы жоғарылайды, осыған
байланысты антигендердің таныстырылу эффективтілігі және олардың Т-
лимфоциттермен танылуы жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: