85
FcR макрофагтардың мембранасындағы ең маңызды рецептор болып
табылады. Аталған рецептор иммундық кешендерді байланыстырады және
осыған байланысты патогенді агенттердің фагоцитозын жеңілдетеді.
IgG байланыстыру үшін үш түрлі рецептор бар: FcγRI, FcγRII және FcγRIII
(сәйкесінше CD64, CD32 және CD16). Аталған рецепторлардың ішінде мономерлі
IgG үшін жоғары аффинді рецептор қатарына жалғыз FcγRI жатады және ол тек
макрофагтардың
бетінде
экспрессияланған.
Төменгі
аффинді
FcγRII
рецепторының біріншіден айырмашылығы, ол
моноциттер мен макрофагтар
бетінде экспрессияланған. FcγRIII рецепторы да моноциттер мен макрофагтарда
экспрессияланған, бірақ IgG үшін төменгі аффинді және ол, негізінен, иммундық
кешендерді немесе агрегацияланған IgG байланыстырады. Барлық үш рецептор да
IgG-мен опсонизацияланған бактерияларды немесе басқа да жасушаларды
фагоцитозға
ұшыратады,
табиғи
киллерлердің
антиденеге
тәуелді
цитотоксикалық
механизміне
қатысады.
Сонымен
қатар
вируспен,
қарапайымдармен зақымдалған немесе сол ағзаның қатерлі трансформацияға
ұшыраған жасушаларын жоюға қатысады.
Фагоцитоздан
басқа
Ғс-рецепторлары
арқылы
антиденеге
тәуелді
цитотоксикалық (АТКЦТ) механизмі атқарылады.
Кейбір макрофагтардың
мембранасында FcγRIII (CD16) рецепторы экспрессияланған, ол – нысана
жасушаларының бетіндегі антигенді детерминанттармен байланысқан IgG1 мен
IgG3 қосатын Ғс-рецептор. Мұндай қорғаныс түрі кейбір паразитарлы және
вирусты жұқпалар кезінде тиімді, себебі бұл жағдайларда макрофагтар патогенді
немесе оның арнайы антиденелермен қосылған кешендерін ұстау қабілеті жоқ. Ал
Ғс-рецепторлары арқылы белсендірілген макрофагтар
бірқатар медиаторлады
бөлу арқылы (ең алдымен TNF-α) нысана жасушаларды лизиске ұшыратады.
Кейбір цитокиндер (IFN-γ мен ГМ-КСФ) моноциттер мен макрофагтардың
қатысуымен жүретін АТКЦТ механизмінің эффективтілігін жоғарылату қабілеті
бар.
Макрофагтардың мембраналарында көптеген цитокиндерге арналған
гликопротеинді рецепторлар бар. Сондай-ақ моноцит/макрофагтардың
мембранасында хемокиндерге де рецепторлар экспрессияланған.
Макрофагтардың мембранасында гликолизденудің соңғы өнімдерін (AGEs)
байланыстыруға арналған рецепторлар бар екендігі анықталған.
Олар ағза
қартайған сайын тіндерде көбейе түседі және диабет кезінде күрт жинақтала
бастайды. Гликолиздену өнімдері нәруыздармен айқаса байланысу нәтижесінде
тіндердің зақымдалуын шақырады. AGEs үшін арнайы рецепторлары бар,
макрофагтар осы өнімдер әсерінен
өзгерген нәруыздарды ұстайды, әрі
деградацияға ұшыратады. Сөйтіп тіндерде деструкция дамуының алдын алады.
Достарыңызбен бөлісу: