13
тысуы мүмкін адам) үшін ақпаратты келісімнің мәтінін оқиды;
•
содан соң әлеуетті қатысушыдан айтылғанды өз сөзімен қайта-
лауын, зерттеу туралы жалпы нені түсінігінен
айтуын сұрайды;
•
әлеуетті қатысушы зерттеуді қате түсінсе, ол жөнінде қосымша
түсініктеме береді;
•
қатысушының зерттеу туралы түсінігін қайта бағалайды.
7
Зияткерлік өнім – бұл жеке адамның (адамдар тобының) зерттеу
жобасын (-ларын) орындау барысындағы дербес шығармашылық ең-
бегімен алынған және қандай да бір объективті нысан түрінде (мақа-
ла, кітап, есеп және т.б.) көрініс тапқан нәтиже. Зияткерлік өнім ҚР
«Ғылым туралы» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар тура-
лы» Заңдарындағы «ғылыми қызмет нәтижесі» мен «ғылым туындысы»
терминдеріне сәйкес келеді. Дегенмен
мұнда қолыңыздағы Кодекс
шеңберінде «зерттеу жобасы» («зерттеу») ұғымының өзіндік ерек-
шелігін ескерген жөн (бұл жөнінде көбірек түсінік алу үшін Кодекстің
кіріспесіндегі реттелетін мәселелер туралы оқыңыз).
«Қақпашыдан» рұқсат алу (gatekeeper permission) – бұл зерттеу-
ге адамдарды іріктеу жұмысын бастау үшін белгілі бір уәкілетті тұлға-
ның/органның рұқсатын алуын қажет
болған жағдайда өткізілетін
рәсім. Ұйымда белгіленген құзырына қарай Зерттеу әдебі жөніндегі
институциялық комитет, ұйым басшысы немесе зерттеумен айналысатын
құрылымдық бөлімінің
8
жетекшісі, ұйымды басқару органының өкілі және
т.б. «қақпашы» рөлін орындауы мүмкін. Білім зерттеушісі зерттеу жүр-
гізіледі деп жоспарланған ұйымға кіру рұқсатын алуға барынша мұқият
және түсіністікпен қарай отырып, зерттеудің одан кейінгі кезеңдерінің
(ақпаратты келісім алу, деректерді жинау) ойдағыдай өтуіне қолайлы
жағдай туғызады (Singh & Wassenaar, 2016, P. 43).
Құпия ақпарат – бұл нормативтік құқықтық актілер және/немесе
білім зерттеушісі мен зерттеуге қатысушы арасындағы арнайы келісім
7
Institute of Medicine. 2015. Informed Consent and Health Literacy: Workshop Summary. Washington, DC:
The National Academies Press. P. 58. Available here https://www.nap.edu/read/19019/chapter/5#58
8
University of Waterloo. (2015, November 17). Guidelines for conducting research within structures and
gatekeepers. https://uwaterloo.ca/research/office-research-ethics/research-human-participants/pre-submission-
and-training/human-research-guidelines-and-policies/guidelines-conducting-research-within-structures-and
14
(ақпаратты келісім
9
) негізінде қол жеткізілуі және таратылуы шектел-
ген сенімді ақпарат. Қазақстанда жеке
тұлғалардың құпия ақпара-
тына қол жеткізу және оны қорғау шарттары ҚР «Дербес деректер
және оларды қорғау туралы» Заңымен реттеледі.
Заңның ұғымдық
аппаратына салар болсақ, зерттеуге қатысушылар
Достарыңызбен бөлісу: